Атырау, 25 сәуір 12:10
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Кім жылдам?

2 628 просмотра

- Жол қозғалысы ережесіне енгізілген өзгерістердің, оның ішінде жүргізушілердің жаяу жүргіншілерді өткізу міндетіне қатысты мәселенің күшіне енгендігі туралы естідім. Бізде бұрын қозғалыстың қарсы жақ бетінен жүргінші жолды кесіп өтуге енді ұмтылған кезде тоқтауды талап еткен инспекторлармен дау-дамайлар  жиі туындап отыратын. Бұл ақылға сыйымсыз талап заң бойынша алынып тасталды ма? 

Телефон арқылы

Сауалға ІІД ЖПБ бастығы Берік АМАНГЕЛДІ жауап береді:

- Иә, жол қозғалысы ережесінің 13.1 тармақшасына («ҚР 25.10.1997 жылғы шыққан үкімет қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» өткен жылдың аяғында үкімет қабылдаған қаулыға сәйкес) өзгерістер енгізілді. Жаңа редакцияда бұл тармақ былай деп оқылады: «Оңға немесе солға бұрылған кезде жүргiзушi ол бұрылатын жолдың жүрiс бөлiгiн кесiп өтетiн жаяу жүргiншiге, оны велосипед жолымен кесiп өтетiн велосипедшiге және 5.9 (18.2-тармағын ескере отырып) белгiсiмен белгiленген жол жолағы бойымен қозғалып келе жатқан маршруттық көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi». Жол қозғалысы ережесінің 14.1 тармағына сәйкес: «Көлiк құралының жүргiзушiсi оның қозғалыс бағытындағы жүрiс бөлiгiн реттелмейтiн жаяу жүргiншiлер өтпесi бойымен өтiп келе жатқан жаяу жүргiншiлерге жол беруге мiндеттi».

30 мамыр 2012, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.