- Бірнеше жылдан бері біздер тұратын Авангард-4 ықшам ауданындағы №9, 10, 12 және 13 үйлердің жертөлелері үнемі суға толып қалады. Біз сан мәрте өзіміздің ММ-19 ПИК-не жолыққанымызбен, төраға бұл проблеманың 2003 жылы біздің ауданды асфальттау кезінде бүлінген орталық коллектордың ақаулығынан туындап отыр дейді. Суға толған жертөлелердің салдарынан подъездер масаға толды, жағымсыз иіс, жазды күндері үйде де, үй маңында да отыру мүмкін емес. Атырау су арнасы өз коллекторын қашан жөндейді?
Телефон арқылы
- Авангард-4 ықшам ауданындағы канализациялық сорғы стансасының жұмысындағы және орталық өздігінен ағатын коллектордың ақауының орын алғандығы рас, - дейді Атырау су арнасы жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Александр ПАСТУХОВ. – Бүгінгі күні ақауды жою және өздігінен ағатын коллектор учаскелерін тазарту жұмыстары жүргізілуде және ол айдың аяғында аяқталады деп жоспарланып отыр.