Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Сақтандыруға сақтықпен қараңыз

2 375 просмотра

– Несиелерді рәсімдеу кезінде банктер сақтандыру компанияларын міндеттеп таңып қояды. Клиент ретінде неліктен сақтандыру компаниясын өзім таңдай алмаймын? Өйткені олардың шарттары, нақтырақ айтқанда, қызмет  құны кейде әжептәуір ерекшеленеді. Қанша дегенмен оны төлейтін мен ғой.

Е. Досанов

Сақтандыру компанияларының бірінің маманы төмендегідей комментарий берді:

– Оқырманның айтуы орынды, банктердің өз клиенттеріне белгілі бір сақтандыру компаниясының қызметін таңуға қақылары жоқ. Банк қарызын рәсімдеуде сақтандырушыны таңдау қарыз алушының жеке шаруасы. Қазақстан банктеріндегі клиенттердің көпшілігіне бұл беймәлім. 2011 жылы «Банктер және банк қызметі туралы» заңға түзетулер енгізілді. Соған сәйкес, банктер қарыз алушылардың сақтандырушыны өзінше таңдауына шектеу қоя алмайды. Алайда банктер бұрынғыша несие алуды ұйғарған өз клиенттеріне банктың өзі үшін тиімді сақтандыру компаниясына сақтандырылуға ұсыныс жасап, оны олардан міндеттеп, тіпті талап етуде. Осыдан кейін қарыз алушылардың амалдары болмай, банктер ұсынған сақтандыру шарттарын қабыл алады. Олар өздерінің таңдау құқығының бар екенін білмейді немесе оны пайдаланбайды. Банк міндеттеген компаниялардағы сақтандыру тарифтерінің мөлшері осы секілді басқа банктердегі келісім-шарттан 15-20 пайызға жоғары болуы мүмкін екенін адамдар түсіне бермейді. Ал егер адам автосалоннан көлік емес, ипотекаға баспана алған болса ше? Нәтижесінде артық төлем көп шығуы мүмкін.

Несие алу кезінде сақтандыруға артық төлемес үшін әрбір қарыз алушыға төмендегідей бірнеше қарапайым кеңестерге зер салған жөн.

Несие алмас бұрын, несиелеуші менеджерден қандай сақтандыру компанияларының осы банкке аккредитациясы бар екендігін, яғни, банктің кіммен серіктес екенін біліңіз. Егер банк тек бір сақтандыру компаниясымен жұмыс істесе, демек, ол банктің өзімен үлестес және бұл жерде нақты бәсекелестік жоқ болғаны. Мұндай сақтандыру компаниясының сақтандыру құны ең жоғарғы бағаны ұсынады. Егер банкте бірнеше сақтандыру серіктестері бар болса, әрқайсысының сақтандыру шартын мұқият салыстырыңыз. Басты критерий – сақтандыру құны (тариф мөлшері). Несиені қай жерде сақтандыру сізге арзанырақ түсетінін түсіну үшін бірнеше сақтандыру компаниясына қоңырау шалыңыз. Тариф мөлшерінде әжептәуір айырмашылық болатынын атап өткен жөн. Мәселен, түрлі сақтандыру компанияларында ипотеканы сақтандыру құны алынып жатқан баспана құнының 0,5 пайызынан 0,8 пайызына дейін болуы мүмкін. Абсолюттік цифрларда айырмашылық бірнеше жүздеген мың теңгеге жетуі ықтимал.

Ипотеканың жекелеген сақтандыруы: жылжымайтын кепілдік мүлігін сақтандыру және несиелеушіні қайғылы жағдайдан жеке сақтандыру қанша тұратынын біліңіз. Көбінесе банктер сақтандыру тарифін ипотекалық несие құнына енгізеді. Сіздің міндетіңіз банкке емес, сізге тиімді тариф бойынша сақтандыруға ие болу.

Несиені сақтандыру үшін сақтандыру компаниясын өзіңіз таңдау құқығыңыз бар екені есіңізде болсын.

Дайындаған Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

6 маусым 2012, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.