- Біз балам екеуміз бірнеше рет Жилгородоктағы палеонтологиялық мұражайға барғанбыз, алайда, ол қашан барсақ та жабық. Анықтамалық телефон қызметінде бұл мұражай туралы ешқандай мәліметтер жоқ екендігін айтады. Мұражайдың телефоны мен жұмыс істеу кестесін қалай табуға болады?
Жанар
Сауалға Атырау палеонтологиялық мұражай директоры Юрий ПАСТУХОВ жауап береді:
- Мұражай жұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері – сенбі және жексенбі.