Атырау, 1 қаңтар 11:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 525.11
€ 546.74
₽ 4.88

Әттеген-айы көп әткеншек

4 140 просмотра

- Біз тұратын Лесхоз ықшам ауданындағы 40-шы үйдің ауласына  қыстың күні балалар алаңын орнатқан еді. Алайда, темір әткеншектің   қазығына цементті желтоқсанда құйғаннан ба, бетон өте сапасыз болып шықты. Қазір жан-жаққа жарылып, бөлініп қалды. Ал, әткеншектің өзі бір жағына қарай қисайып жатыр. Оны қайта монтаждаумен кім айналыспақ?

Телефон арқылы

Атырау қаласы бойынша ПИК ассоциациясы төрағасының орынбасары Гүлнәр САЛЫХОВАНЫҢ  айтуынша, балалардың ойын алаңдарының сақталуына ПИК-тер жауапты. Бірақ, бұл жерде айта кету керек, балалар алаңының бір бөлігі қыс мезгілінде жасалған. Сол себепті кейбір жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілмеген. Сондықтан мердігерлер өздерінің сапасыз жұмыстарын қайтадан жасауға тиісті. Әткеншекті қайтадан орнату үшін сіздердің ПИК-теріңіз қалалық ТКШ бөліміне хат жазуы керек.

Осыған ұқсас жауап қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАДАН да келді. Оның айтуынша, жабдықтарды орнатқан мердігерлер енді әткеншекті сапалы түрде қайтадан жөндеуге тиіс.

6 маусым 2012, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.