Атырау, 29 желтоқсан 16:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Төлемдер атаулы күндерде беріледі

1 856 просмотра

- Мен ІІ- топ мүгедегімін, 9 мамырға бізге төлемдер беріледі дегенді естідім. Алайда, оны әзірге кімнің төлейтіндігі  белгісіз. Қалалық әлеуметтік қамту бөліміне, мүгедектер қоғамына хабарластық, бірақ олар ештеңе білмейтін болып  шықты. Бізге ақшаны қашан береді?

Телефон арқылы

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектер және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы Қарлығаш Дәулетоважауап береді:

- Жоспарланғандай, 9 мамырға көмек ретінде 100 мың теңге Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне берілді. Өкінішке қарай, бұл күнге қарсы олардың саны тағы да үш адамға қысқарды. Осылайша төлемдерді тек 173 ардагер ғана алды. 5 мың теңгеден соғыс жылдарында қаза болған соғыс жауынгерлерінің жесірлері,фашистік лагерлердің және блокаданың тұтқындары алды. Қазір Қазпошта арқылы Ауған соғысына қатысушыларға және Чернобыльдағы апатты жоюшыларға төлемдер жүргізілуде. Өйткені, олардың атаулы күндері - Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылуы (15 ақпан) және халықаралық радиациялық апатты еске алу күні (26 сәуір) биылғы жылы өтіп кетті. Азаматтардың басқа қалған санаттары бойынша төлемдер олардың өз мерекелері мен атаулы күндеріне қарай орайластырылып берілетін болады, мәселен, мүгедек балалар материалдық көмекті 1 маусымда алады, ал, мүгедектер бізде қазан айында дәстүрлі түрде өткізілетін «Қайырымдылық» айлығында алатын болады.

23 мамыр 2012, 19:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.