Атырау, 25 сәуір 19:02
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Сізге сайт көмектеседі

1 783 просмотра

– Жақында маған жол қозғалысы ережесін бұзғаным үшін айыппұл салды. Барлық қағаздар рәсімделгеннен соң полицей айыппұлды банкке төлеп, түбіртегін ЖПБ ғимаратының 25-ші кабинетіне әкелуім керектігін айтты. Олай етпеген  жағдайда айыппұл  төленбеген болып қала береді екен.  Бұл адамды әуреге салу ғой. Халықты бұлайша қағазбастылықпен қинағаннан гөрі, мұны реттеудің, мәселен, электронды пошта арқылы немесе басқа да тәсілдермен төлем жасатудың жолдарын табуға болмай ма?

azh.kz сйтынан

Сауалғаоблыстық ІІД ЖПБ бастығы Берік АМАНГЕЛДІ түсінік береді:

– Ішкі істер министрлігі Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесе отырып, жол қозғалысы ережесін  бұзғаны үшін айыппұлдар төлеуді үкіметтік электронды сайт арқылы  жүзеге асыруға мүмкіндік туғызғанын айтқым келеді. Олай болса, бүгінгі таңда азаматтар интернеттің көмегімен электронды үкімет порталы арқылы өздерінің жіберген құқық бұзушылықтары туралы ақпаратты қарап және айыппұл төлеуді жүзеге асыра алады.

Порталдың мекен-жайы: www.egov.kz. Электронды үкімет веб-бетшесінде қолданушыны ЖИН және пароль арқылы міндетті түрде авторландыру керек. Төлем шлюзі арқылы айыппұлдарды төлеу үшін «Бюджет төлемдері» деген сілтемені, одан әрі «Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу» сілтемесін таңдайсыз. Мәліметтерді формамен сұрау үшін бетшеде «Жүргізушілік куәлік бойынша ереже бұзушылықты іздеу» бөлімі бар. Егер сіз жүргізуші куәлігінің нөмірі бойынша ереже бұзушылықты таппасаңыз, онда іздеудің екінші бір тәсілі жалпы ереже бұзушылық туралы жеке-жеке ақпараттарды таңдауыңызға болады.  Бұл үшін толтыруға міндетті бетке мәліметтерді енгізу қажет. Олар: «бланкінің түрі», «бланкінің нөмірі», «бланкінің сериясы», «ереже бұзған күн». Жүйе қызметі сізге электронды чек береді. Оны сақтап қоюға және басып шығарып алуға немесе чектің көшірмесін «Төлем қызметі тарихынан» тауып алуға болады. Айыппұлды осы тәсілмен төлеген жағдайда ЖПБ түбіртекті талап ете алмайды.

6 маусым 2012, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.