Атырау, 21 желтоқсан 10:08
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Басқа жаңалықтар

Тозақ торына түскендер Басқа жаңалықтар

Тозақ торына түскендер

2017 жылдың шілдесінен бастап Атырауда апиынды ауыстыру терапиясы бағдарламасы жүзеге асырылып келеді, яғни, героинге тәуелді нашақорлар синтетикалық метадон дәрісін қолдана бастады. Содан бері олардың өмірінде өзгеріс пайда болды, мұны пациенттердің өздері  растап отыр. 20 маусым 2019, 00:00 3 687 рет қаралды
Ескерусіз қалған Ескене Басқа жаңалықтар

Ескерусіз қалған Ескене

Бұдан алты жыл бұрын Мақат ауданына қарасты Ескене ауылының тұрғындарын Атырау қаласына және басқа да аудандарға көшіргенде темір жолға қызмет көрсетіп отырған Ескене станциясы қозғалмаған еді. Сол жылдары ауыл ҚТЖ құзіретінен шығарылып, Бәйгетөбе ауылдық округіне қосылды.  Осы кезден бастап елді мекен белгісіздік күйін кешуде. Ауыл болашақта көшіріледі деп ешқандай инфрақұрылым жаңартылмады, ауылдың күйі кетті. Сурет Бейнежазба 13 маусым 2019, 14:58 7 021 рет қаралды
Дамбы қалай дауыс берді немесе Қосановқа енді қызыл балық асылмайтын шығар Басқа жаңалықтар

Дамбы қалай дауыс берді немесе Қосановқа енді қызыл балық асылмайтын шығар

9 маусымда ҚР «АЖ»-дың редакциялық тапсырмасымен Атырау қаласының Дамбы ауылдық округындегі №68 сайлау учаскесіне бардым. Жергілікті сайлау комиссиясының мәліметінше, мұнда 1935 адамның сайлау құқы бар. Сайлаудың қорытынды хаттамасына сәйкес, ҚР Президентін сайлау учаскесіне 1471 адам келді және олардың 914-і Қосановқа дауыс берді. Сурет 11 маусым 2019, 17:56 6 030 рет қаралды
Шекарадағы ауыл Басқа жаңалықтар

Шекарадағы ауыл

Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының құрлық жағы Ресеймен шектесіп жатыр. Бұл өңірдің табиғаты ерекше, бір жақ қапталы құмды болса, келесі жағы көк майсаң. Өткен ғасырдың 30-жылдары Каспий теңізінің сағасы осы жерге дейін жетіп, жергілікті халық балық кәсіпшілігімен айналысқан екен. Кейін теңіз тартылып, бұл жер мал шаруашылығына ыңғайлы жер болып қалды. Сурет Бейнежазба 29 мамыр 2019, 11:43 11 292 рет қаралды
АӘК-тің салған әлегі Басқа жаңалықтар

АӘК-тің салған әлегі

Құрманғазы ауданы бойынша 1 сәуірден бүгінге дейін 367 отбасы 35 млн 432 мың теңге атаулы әлеуметтік көмекке ие болды. АӘК-ке өтініш беру әлі жалғасып жатыр. Дегенмен жағдайлары ауыр болса да, бұл көмекті ала алмаған отбасылар да бар екен. «АЖ» тілшісі осындай екі отбасыға арнайы барып, жағдайларымен танысып қайтты. Сурет 29 мамыр 2019, 14:31 4 821 рет қаралды
«Шамшырақтың» шырғалаңы Басқа жаңалықтар

«Шамшырақтың» шырғалаңы

Балықшыда орналасқан №13 «Шамшырақ» балабақша кешені қайта жаңғыртылады. «АЖ» жойылған «Атырау Балық» АҚ-тың балансында болған мектепке дейінгі ведомстволық мекемесінің мүшкіл халі туралы әлденеше рет жазған еді. Өткен жылы оны күреуді ұйғарған-ды, бірақ биыл бұл шешімді өзгертіпті. 20 мамыр 2019, 12:14 2 905 рет қаралды
Фин концлагері және бүкіл ғұмыр Басқа жаңалықтар

Фин концлагері және бүкіл ғұмыр

Атырауда сәби шағында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фин концлагерінде болған Екатерина АБАТЫРОВА тұрады. Ол өзінің соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі өмірінің ауыр кезеңдері туралы «АЖ» тілшісіне әңгімелеп берген еді. Сурет Бейнежазба 9 мамыр 2019, 09:00 3 944 рет қаралды
Үмітке толған жанары Басқа жаңалықтар

Үмітке толған жанары

26 сәуірде Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен зағип жандар арасында «Үміт жанары» атты батыс аймақтық ән орындаушылар фестивалі өтті. Байқауға Атырау, Ақтау және Ақтөбе облысынан 16 мен 30 жас аралығындағы 9 үміткер қатысты. Бейнежазба 29 сәуір 2019, 17:18 4 239 рет қаралды
Борандатқан бесқонақ әбден састырды Басқа жаңалықтар

Борандатқан бесқонақ әбден састырды

Кешегі жауын-шашын салдарынан мұнайлы астана көшелері суға кетті. Ал бүгін, 18 сәуірде жауған қар тұрғындарды әбігерге салды: қала ішіндегі көлік қозғалысы қиындап, әуе рейстері ұшпай, көп қабатты үйлердің жертөлелері суға кетті, жарық өшіп қалды. Коммуналдық қызметтер үлгере алар емес. Сурет Бейнежазба 18 сәуір 2019, 12:41 5 885 рет қаралды
Көпбалалы отбасыларға арналған алғашқы пәтерлер Берекеден беріледі Басқа жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға арналған алғашқы пәтерлер Берекеден беріледі

Түркістан қаласында Атырау облысының қаржысына демеушілік көмек аясында саябақ салынады. Бүгінде ауданы 0,57 гектар жер телімі бөлінген. Құрылыс құны жобалау-сметалық құжаттама бекітілгеннен кейін белгілі болады. Бұл туралы брифингте журналистердің сұрағына жауап берген құрылыс басқармасының басшысы Мәлік АМАНОВ хабарлады. 17 сәуір 2019, 12:33 5 349 рет қаралды
Империяның суығы тиген жер Басқа жаңалықтар

Империяның суығы тиген жер

Қызылқоға ауданындағы Тайсойған ауылы кеңес дәуірінен өзі аттас сынақ полигонымен танымал. Кейін бұл жерді әскери мақсатта Ресей жалға алған еді. Бүгінде мұнда 900-ге жуық адам тұрады. «АЖ» тілшісі осы шалғайдағы ауылға барып қайтты. Сурет Бейнежазба 15 сәуір 2019, 11:22 8 875 рет қаралды
Ауа, су, қоқыс, құм шағылдар және Сасықсай туралы Басқа жаңалықтар

Ауа, су, қоқыс, құм шағылдар және Сасықсай туралы

Атырау облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан АРЫСТАН өткізген брифингте өңір экологиясына қатысты көптеген ақпарат ұсынылды. Негізгілерін назарларыңызға ұсынамыз. 9 сәуір 2019, 15:48 3 936 рет қаралды
«“Мүрдехана” емес, “зертхана” деңіздер» Басқа жаңалықтар

«“Мүрдехана” емес, “зертхана” деңіздер»

4 сәуірде Атырау қаласындағы №4 мектепте қалалық әкімдік өкілдері туберкулезге қарсы күрес ауруханасы жанындағы Сарыөзек ықшамауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Мұның алдында осы ықшамаудан тұрғындарының бір тобы қала әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫНА осы жерде салына бастаған «Сот сараптамасы орталығы» институтының филиалы ғимаратының құрылысын басқа жерге көшіру талабымен жүгінген еді. Сурет 5 сәуір 2019, 16:53 3 148 рет қаралды
Құлсарыда қозғалыс бағдаршамсыз реттеледі Басқа жаңалықтар

Құлсарыда қозғалыс бағдаршамсыз реттеледі

Құлсары қаласында 13 417 көлік ресми тіркелген. Бұлардың 8476-сы жеке тұлғалардікі болса, 4941 бірі заңды тұлғаларға тиесілі. Бұған қоса, Теңіз кенішінде шоғырланған мекемелерге келіп-кететін түрлі көліктер қала жолдарындағы көлік ағынын күшейте түседі. Ал қалада бағдаршам жоқтың қасы.  Бейнежазба 3 сәуір 2019, 10:04 3 594 рет қаралды
Атырауға министрлер келді Басқа жаңалықтар

Атырауға министрлер келді

Бүгін, 12 наурызда «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы аясында Атырауға үкіметтік делегация: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек САПАРБАЕВ, Білім министрі Күләш ШӘМШИДЕНОВА, Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ келді. Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының лық толы залында олар шағын баяндамалар жасап, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді. Сурет 12 наурыз 2019, 21:21 4 716 рет қаралды
Бұрынғы балабақша мен комиссариат маскүнемдердің жылы орнына айналған Басқа жаңалықтар

Бұрынғы балабақша мен комиссариат маскүнемдердің жылы орнына айналған

Құлсары қаласында апаттық деп танылған ескі балабақша мен әскери комиссариат ғимараттары қаңғыбастар мен маскүнемдердің жиналатын орнына айналған. Бұған тұрғындары қатты алаңдап отыр, өйткені иесіз қалған балабақшаның жанында мектеп орналасқан. Сурет 11 наурыз 2019, 16:53 3 901 рет қаралды
Теңіз жағасындағы ауыл Басқа жаңалықтар

Теңіз жағасындағы ауыл

Құрманғазы ауданы орталығынан 6 шақырым қашық Приморье ауылы табиғаты ерекше жерде орналасқан. Айналасы шағын өзектер, теңіз де алыс емес. Әсіресе жаз мезгілінде жасыл желекке бөленгенде туризмге таптырмайтын керемет жер. Алайда алыс ауылдардың проблемалары бұл жерден де айналып өтпепті. Сурет Бейнежазба 5 наурыз 2019, 14:40 7 224 рет қаралды
Көпбалалы отбасыларға көмек: АӘК деген не, не істелді, не істелмек? Басқа жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға көмек: АӘК деген не, не істелді, не істелмек?

Астанадағы бес бүлдіршіннің қазасынан кейін көпбалалы аналар тарапынан наразылық толқындары әлі де толастаған жоқ: Қазақстанның әр өңірінде әйелдер әлеуметтік жәрдемақыларды көтеруді талап етуде. «AЖ» бүгінде мемлекет тарапынан не жасалып жатқанын және таяу болашақта не жоспарланғанын анықтап көрді. 26 ақпан 2019, 10:04 13 408 рет қаралды
Соңғы станция Басқа жаңалықтар

Соңғы станция

Құрманғазы ауданы орталығынан 15 шақырым жердегі «Ганюшкино» станциясы немесе Ақкөл ауылының негізі өткен ғасырдың 70-жылдары Атырау – Астрахан темір жолы салынған кезде қаланған. Қазір мұнда түрлі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері қордаланған 5 мыңға жуық адам бар.  Бір топ ақкөлдіктер осы жағдайларын баяндау үшін «АЖ» тілшісін ауылдарына шақырды. Сурет Бейнежазба 6 ақпан 2019, 09:43 7 835 рет қаралды
Көбіне климат жақпайды Басқа жаңалықтар

Көбіне климат жақпайды

Атырау облысында 2017 жылы 387 адамнан Кох таяқшасы табылса, 2018 жылы 469-ға жеткен. Сондай-ақ біздің өңіріміз ел бойынша туберкулезбен ауыратындар саны жағынан көш бастап тұр (бізден кейін Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облысы).  Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Қуатжан ТҰРЫСБЕКОВ бұл жағдай көптеген себептермен қатар біздегі климаттық ерекшеліктермен де байланысты екенін айтады.  1 ақпан 2019, 14:57 2 870 рет қаралды
Ізгі істердің қарымтасы: бұл елімізде жиі болатын жағдай Басқа жаңалықтар

Ізгі істердің қарымтасы: бұл елімізде жиі болатын жағдай

Белгілі бір адамдардың тапсырысы бойынша Б. Рысқалиевтың беделін түсіру мақсатында ұйымдастырылған науқан басталған кезде, бес жыл бұрын әпкем Гүлсім «Ақ Жайық» газетінің редакциясына хат жолдап («Менің інім Бергей»), онда ағам Бергей Рысқалиевтың көпшілікке беймәлім өмірбаянынан сыр шертіп, оның билікке келгенге дейін табысты бизнесмен болғанын, өз ісін ашып, зауыттар мен кәсіпорындар салғанын, мыңдаған адамға жұмыс бергенін әңгімелеген еді. PR 24 қаңтар 2019, 00:00 5 946 рет қаралды
Пугачева келетін болды ма екен? Басқа жаңалықтар

Пугачева келетін болды ма екен?

Бергей Рысқалиевтың «отставкасы» дәуірінен бері қаңырап тұрған Атыраудағы концерт залының салынып бітпеген ғимаратын жандандыруды ұйғарыпты.  Мұнайлы астананың болашақ көрнекі орнына қатысты жоспарлармен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік АМАНОВ бөліскен еді. 16 қаңтар 2019, 11:03 2 460 рет қаралды
«Олар біздің күн баламыз» Басқа жаңалықтар

«Олар біздің күн баламыз»

- дейді Даун синдромы бар балаларды тәрбиелеп отырған атыраулық аналар. Олар «АЖ»-ға балаларының басқалардан ерекше екені туралы жаңалықты қалай қабылдағандарын әңгімелеп, өзекті проблемаларымен бөлісті. 28 желтоқсан 2018, 12:34 4 828 рет қаралды
 Шұбатпен емдеу және жерсіздік мәселесі Басқа жаңалықтар

Шұбатпен емдеу және жерсіздік мәселесі

Мақат ауданында бүгінде туберкулездің алдын алу үшін балаларға шұбат беріп, шабындық жердің жетіспеушілігін жақсы көрші Қызылқоға ауданынан 400 мың гектар жер алу арқылы шешпекші. Осы және басқа да мәселелер туралы Мақат ауданының әкімі Жұмабай ҚАРАҒАЕВ өткізген  брифингте қозғалды.  24 желтоқсан 2018, 17:41 3 015 рет қаралды
Көпір кенеттен апатты деп танылды Басқа жаңалықтар

Көпір кенеттен апатты деп танылды

«АЖ»-ға Нұрсая-3 ықшам ауданының тұрғындары хабарласты. Олардың айтуынша, Атырау әкімдігінің қызметкерлері, неліктен екені белгісіз, адамдар күнделікті қолданып жүрген Мостовой өзегі арқылы өтетін шағын көлік көпірін жауып тастаған. 21 желтоқсан 2018, 11:14 2 547 рет қаралды
Жақынды алыстатқан жол Басқа жаңалықтар

Жақынды алыстатқан жол

«АЖ» редакциясына хабарласқан Атырау қаласы Қара депо елді мекенінің тұрғындары мектепке, балабақшаға бару, қала орталығына шығу қиындап кеткені туралы шағымданды. Бұған дейін теміржол арқылы өтіп жүрген жолдарын «Ақ-жайық-7» ЖШС мекемесі қоршап тастаған. Әрине, бұл қауіпсіздік үшін жасалған шара, алайда адамдарға ыңғайсыздық тудырып отыр. Сурет Бейнежазба 12 желтоқсан 2018, 12:10 3 530 рет қаралды
Алмалы қалаға қосылды; нөмірленген көшелер атауға ие болды Басқа жаңалықтар

Алмалы қалаға қосылды; нөмірленген көшелер атауға ие болды

14 қарашада облыстық мәслихаттың кезектен тыс XXVI сессиясы өтті. Бастапқыда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асау ИБРАШЕВ босаған орындарға жаңадан сайланған депутаттар - №11 округ бойынша Елеубай САПАРОВҚА, №15 округ бойынша Мейрамбай БАЗАРБАЙҒА және №25 округ бойынша Ізтұрған БАЙМҰХАНОВҚА мандат пен төс белгілерін тапсырды. Содан кейін облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА жергілікті бюджеттегі өзгерістер туралы баяндама жасады. 15 қараша 2018, 17:20 3 323 рет қаралды
Оңтайланған балабақша Басқа жаңалықтар

Оңтайланған балабақша

Қызылқоға ауданы Миялы ауылының  «Мөлтек» ықшамауданында 2012 жылы ашылған 30 орындық «Балдәурен» бөбекжай балабақшасы жабылған. Алайда, бұл ауданда  үй салушылар көбейіп, тұрғындар саны артып жатыр екен. 6 қараша 2018, 11:42 3 664 рет қаралды
«Құрылыс жүргізуге құқы жоқ» Басқа жаңалықтар

«Құрылыс жүргізуге құқы жоқ»

Атырау қаласындағы Канцев көшесіндегі №3 үй тұрғындары аулаға жиналып, ескі балалар ойын алаңының орнына белгісіз біреудің бизнес үшін 3 қабатты ғимарат салғалы жатқанына қарсылық білдірді. Олардың құрылыс нысаны иесімен болған қызу талқылауларын «АЖ» тілшісі көріп қайтты.  Сурет Бейнежазба 31 қазан 2018, 09:49 2 967 рет қаралды