Атырау, 25 қараша 00:53
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алаңдағы тастардан аяқжол салады

2 295 просмотра


Мұнайлы астананың тұрғындары қаланың кей жерлерінде тротуарлар жоқтығына үнемі шағымданады. Бұл мәселенің, әсіресе, жауын жауған кездері өзектілігі артады.

- Мектепке жеткенше балшық кешіп, орталық көшеден мектепке дейін көлік жолымен жүруге мәжбүрміз. Балаларды аямайсыздар ма?- деп сұрақ қойды Анастасия.

«Қала әкімінің тапсырмасымен әлеуметтік нысандар алдына, жеке жоба әзірленгенше, жөнделіп жатқан Исатай мен Махамбет алаңынан шыққан төсемтастардан аяқжол салынады,- деп жауап берді Telegram чат-каналында қала әкімінің орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ. Оның айтуынша, қазір қала мен ауылдық округтерде 200 шақырымға созылатын тротуарлар салу жобасы әзірленіп жатыр. Сонымен қатар мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік аясында 190 көшеге жарық жүргізу жоспарлануда.  

Алаңнан қанша төсемтас алынды және тас барлық мектептер мен балабақшалар алдына уақытша төсеуге жете ме, бұл туралы айтылмады.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

11 сәуір 2019, 23:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.