Атырау, 23 қараша 19:58
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Дамбы қалай дауыс берді немесе Қосановқа енді қызыл балық асылмайтын шығар

Сурет
5 788 просмотра


9 маусымда «АЖ»-дың редакциялық тапсырмасымен Атырау қаласының Дамбы ауылдық округындегі №68 сайлау учаскесіне бардым. Жергілікті сайлау комиссиясының мәліметінше, мұнда 1935 адамның сайлау құқы бар. Сайлаудың қорытынды хаттамасына сәйкес, ҚР Президентін сайлау учаскесіне 1471 адам келді және олардың 914-і Қосановқа дауыс берді.

Бұл ауыл өткен ғасырдың 50-жылдары балық аулау колхозы ретінде құрылған. Теңіздің сағасында орналасқан ауыл жігіттерінің көпшілігі әлі де осы кәсіппен айналысады. Мектеп, балабақша, саз мектебі және жергілікті әкімдікте 200-ге жуық бюджет қызметкерлері жұмыс істейді. Атырау қаласында тұрақты және мұнай компанияларында вахталық жұмыс істейтін тұрғындар да бар. Кәсіпкерлік те жақсы жолға қойылған.

Саяси шараға деген халықтың белсенділігі жоғары деңгейде болды. Әсіресе бұрын мұндай сайлауда көрінбейтін жастар көп келді. Заңбұзушылықтар тіркелмеді, тек үйдегі туыстарына да дауыс беріп кеткісі келгендер болды, бірақ оған жол берілмеді.

Сағат 20.00-де есік жабылып, дауыс санау басталды. Санақ бір сағаттай уақыт алып, заң бойынша қорытынды хаттама дәліздегі тақтаға ілінді. Дамбы келесідей дауыс берді:

1. Ж. Ахметбеков – 38

2. Д. Еспаева – 27

3. Ә. Қосанов – 914

4. А. Таспихов – 28

5. С. Түгел – 20

6. Қ. Тоқаев – 387

7. Т. Рақымбеков – 27.

30 бюллетень жарамсыз деп танылды.


...Атыраулықтар Дамбыда тұратын туыстары мен достарына қонаққа барып, жергілікті жердің бас тағамы – асқан қызыл балықтан ауыз тиюді дәстүрге айналдырған. Алайда мұндай құрмет енді Әміржан Қосановқа көрсетілмейтін шығар. 9 маусымда үлкен үмітпен дауыс берген 914 адам кешіре қоймас.

Қайырбек САНСЫЗБАЕВ

Суретті түсірген автор

11 маусым 2019, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.