3 мамырда Атырауда күшті жел салдарынан 14 төтенше жағдай тіркелді.
– Қолайсыз ауа райы кезінде 12 құтқарушы мен 4 арнайы техника күшейтілген режимде жұмыс істеді. Атырауда АМУ спорт кешенінің, 10 үй мен 2 мектептің шатырының бір бөлігін жел ұшырып әкетті, - деп хабарлады «АЖ»-ға «Батыс өңірлік жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесіндегілер.
Бұдан басқа, Махамбет ауданының Сарайшық ауылында мектеп пен балабақшаның шатырлары ұшып кеткен.
- Бұл балабақшада «демалыс уақыты» кезінде болған, дереу ата-аналар шақыртылып, олар балаларын алып кетті, - дейді Сарайшық ауылының әкімі Нұрболат ДОСҚАЛИЕВ. – Қазір балабақша бос тұр, 2-3 күнде жөндейміз. Мектепте де осындай жағдай.
Фархат ӘБІЛОВ
Куәгерлер жолдаған суреттер