Атырау, 25 қараша 12:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жақынды алыстатқан жол

Сурет Бейнежазба
3 243 просмотра

«АЖ» редакциясына хабарласқан Атырау қаласы Қара депо елді мекенінің тұрғындары мектепке, балабақшаға бару, қала орталығына шығу қиындап кеткені туралы шағымданды. Бұған дейін теміржол арқылы өтіп жүрген жолдарын «Ақ-жайық-7» ЖШС мекемесі қоршап тастаған. Әрине, бұл қауіпсіздік үшін жасалған шара, алайда адамдарға ыңғайсыздық тудырып отыр.

- Қара депода автобус та, мектеп те, балабақша да жоқ. Барлығы Ақ депода орналасқан. Емханаға, базарға бару, №8,  №15-ші  автобустарға отыру үшін де теміржолдан өтіп, арғы бетке шығатын едік. Көп жылдан бері өтіп жүрген жалғыз жолымызды қазан айында адамдардың қауіпсіздігі үшін деп қаңылтырмен жауып тастады. Біз қазір жақын жердегі аялдама мен мектепке бару үшін 2 шақырым жерді айналып,  Химпоселок ауылындағы көпірге баруға мәжбүрміз,- дейді тұрғындар.

Қазір көпірді алыссынған тұрғындар қоршаудың сыртымен өтетін уақытша айналма жол тауып алған. Алайда бұл да теміржол арқылы, адамдарға өте қауіпті. 

Нұргүл, қара депо тұрғыны:

- Менің балам №27 Ақбота балабақшасына барады. Жарық жоқ, тас қараңғыда рельстердің үстімен бала көтеріп жүре алмаймын.  Кейде таксиге отырамыз. Бірақ оған да күнде қалта көтермейді. Біз серуендейтін демалатын жер сұрамаймыз. Уақытша болса да, жол мәселесін шешіп берсе екен.

Қала әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИДІҢ айтуынша, Химпоселок пен Қара депо ауылының ортасынан Канцева көшесіне қарай түсетін жаяу жүргіншілер көпірін салу жоспарда бар.

- Маршруттар шығару мәселесіне келсек, қазір ешқандай  кәсіпкер конкурсқа түскісі келмейді. Мәселені шешу үшін 1 қаңтардан бастап қалада жетіспейтін қоғамдық көліктерге бюджеттен субсидия беруді жоспарлап отырмыз. Ең алдымен №7-ші маршрут линияға қосылады. Сонымен бірге, 2019 жылы жарықтандырылатын 189 көшенің тізімінде Химпоселок пен Қара депо елді мекенінің көшелері де бар, - деді әкім орынбасары.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет және бейнежазбаны түсірген автор

12 желтоқсан 2018, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.