
2026 жылғы 29 қараша, жексенбі күні Атырау қаласында қоғамдық көлікте жүру тегін болады. Мұндай шешім мәслихат депутаттарының сайлауына байланысты қабылданды.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, 29 қарашада Атырау аумағындағы қоғамдық автобустар қала тұрғындары мен қонақтарын тегін тасымалдайды.
Тегін жол жүру мүмкіндігі мәслихат депутаттарын сайлау күніне орайластырылған.
Жолаушылар күні бойы қоғамдық көлікте жүргені үшін ақы төлемейді.
В Атырау +1.8