Атырау, 24 қараша 15:58
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балабақша бола ма, әлде басқа ма?

3 080 просмотра

Атырау қалалық білім бөлімі Стройконтора маңайындағы бұрынғы СТГ ғимаратын жөндеуге бюджеттен қаражат сұрады. Бірақ ақша қашан бөлінетіні белгісіз.

Бірнеше жыл ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын гимназия орналасқан бұрынғы балабақшаның типтік ғимараты екі жылдан бері бос тұр. Өзенге жақын жерде, сонымен қатар, қала орталығында, Азаттық даңғылы мен автобус аялдамаларына жақын орналасқан бұл аймақ мықты адамдардың көзіне түсіп жүр және ғимарат жайы ұмытыла бастаған кезде көпшілікке байқатпай иеленіп алады, деп алаңдайды осы жерде тұратын тұрғындар. Басқа да әңгімелер бар - ғимаратты Балықшыдағы «Атырау Балықтың» бұрынғы ведомстволық «Шамшырақ» балабақшасындағыдай құрылысқа қажетті материал ретінде біртіндеп бұзып әкетуі де мүмкін. Балықшыдағы балабақшадан бірнеше жыл ішінде тұрғындар құбырларды, терезе жақтауларын, сатыларын, едендерді, төбе жабындысын, тіпті ішінара – кірпіштерін де жан-жаққа тасып әкеткен. Қазір оны қайта жаңартуға ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары алдағы жылдың жоспарына енгізілді, ал бұған дейін балабақша 8 жыл бойы бос тұрды.

СТГ-ның бұрынғы ғимаратына оралсақ:

- Ғимарат – біздікі, ол гимназия қалдырған күйде сақтаулы тұр. Батареялар, сатылар, бәрі өз қалпында, кейбір кабинеттерде тіпті люстралар бар. Күзет бар, - дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза ШАНГЕРЕЕВА. Бірақ күзетшінің бос ғимаратты әлі де қанша уақыт бойы күзететінін және жөндеуден кейінгі бұл  ғимараттың тағдыры қалай болатыны туралы сұрағымызға ол жауап бере алмады. 

- Әрине, балабақша болғаны жақсы. Біз бұл ғимаратта мектепке дейінгі балалармен жұмыс қайта жүргізілгенін қалаймыз. Бірақ бәрі қаржыландыруға келіп тіреледі. Кезінде топқа арналған бөлмелерді сыныпқа ыңғайландырды, қажетсіз санитарлық құбырларды алып тастады. Енді бәрін қайтадан өзгерту керек.

Ал бұрын жұқпалы аурулар ауруханасы орналасқан, кезіндегі типтік балабақша ғимараты енді қайтадан балабақшаға айналдыруға келмейді. Бұл аумақта қонақ үй апартаменттері бар медициналық оңалту орталығын салу жоспарланып отыр. Эскиздік жоба дайындалды, келісілгеннен кейін жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

13 шілде 2019, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.