«АЖ»-ға Нұрсая-3 ықшам ауданының тұрғындары хабарласты. Олардың айтуынша, Атырау әкімдігінің қызметкерлері, неліктен екені белгісіз, адамдар күнделікті қолданып жүрген Мостовой өзегі арқылы өтетін шағын көлік көпірін жауып тастаған.
- Біз №30,3,19,28 мектепке, Нұрсая-2 ықшамауданындағы балабақшаға, жұмысымызға көпір арқылы қысқа жолмен баратынбыз. Енді оған жету үшін бүкіл Лесхозды айналып, кептелісте тұру керек, - деп ашуланады Нұрсая-3 тұрғыны Марат АЙНАБЕКОВ. – Не себепті бұлай жасалғанын түсіндірмеді де.
Қалалық әкімдіктегілер бізге көпірдің заңды түрде жабылғанын хабарлады: ол апатты және көлік қозғалысы үшін қауіпті деп танылған. Кейінірек мемлекеттік аға автоинспектор Д. Қанатовтың және қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы К.Қалманның қолы қойылған тексеру актісін ұсынды. Әзірге жөндеу жұмыстары жоспарланбаған. Дегенмен, жергілікті тұрғындардың өз жорамалы бар:
- Біздің көшеде бір шенеунік тұрады. Жазда біздің көпір арқылы КамАЗ көліктері карьерден құм тасып, оның үй жағына қарай шаң көтерілген еді. Ол көптен бері көпірді жауып тастаймын деп жүретін, ақыры айтқанын орындап тұр ғой.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті түсірген автор