Атырау, 24 қараша 23:26
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Шамшырақтың» шырғалаңы

2 804 просмотра


Балықшы поселкесінде орналасқан №13 «Шамшырақ» балабақша кешені қайта жарақталады. «АЖ» жойылған «Атырау Балық» АҚ-ның мектепке дейінгі ведомстволық мекемесінің мүшкіл халі туралы әлденеше рет жазған еді. Өткен жылы оны күреуді ұйғарған екен, бірақ биыл айнып қалыпты.

Естеріңізге салсақ, бір кездері Жайық маңындағы ағаштар арасында орналасқан осынау жайлы балабақша Атыраудағы үздік балабақшалардың бірі болатын. Бірақ 2010 жылы экономикалық құрдымға кеткен балық комбинатының кешенді ағымдық жөндеуге және күтім жасауға ақшасы болмады. Алдымен кәсіпорын инженерлік желілердегі проблемалардың салдарынан ғимараттың бір бөлігін пайдаланудан бас тартуға мәжбүр болды. Кейін кәрізден су кетіп, содан соң жылуға қатысты проблемалар пайда болды. Сөйтіп 2011 жылы көктемде балабақшаны жабуға тура келді.

Сол кезде «Атырау Балық» басшылығы жергілікті билікке ғимаратты іргелес жер телімімен бірге қаланың коммуналдық меншігіне қайтарымсыз беру туралы ұсыныспен шығады. Қала оны қабылдап, «Шамшырақты» өз балансына алады. Енді ше! Оны ретке келтірсе, мыңдап саналатын балабақша кезегі кем дегенде 300 орынға кемитін еді. Алайда ешкім оны жөндеуге кіріспеді. Бірнеше жыл ішінде бұл жердегі құбырлар, терезе жақтаулары, баспалдақ таяныштары, едендер, шиферлер, ішінара қаланған кірпіштер талапайға түсті. Тура бір жыл бұрын «Ақ Жайықтың» «Шамшырақтың» алдағы тағдырына қатысты қалалық әкімдікке жолдаған сауалы бұл істің қозғалуына түрткі болған еді: «Ақтөбе Құрылыс Инжиниринг» ЖШС мамандары техникалық тексеру жүргізді. Сол кездегі сарапшылардың қорытындысы көңіл жұбатарлық болмады: ғимарат пайдалануға жарамсыз екен. Билік оны бұзып, ал босаған 6000 шаршы метрдей аумаққа жаңа балабақша салуды ұйғарды. Бір жыл өтті, «АЖ» қалалық әкімдікке қайтадан сауал жолдады. Сөйтсе, бар нәрсемен жұмыс істейтін болып шықты.

- Қазір балабақшаны қайта жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, - деп жауап берді құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дулат ЖҰМАШЕВ. – Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылдың жоспарына енгізіледі.

Бұл жаңалық, әрине, қуантады. Бірақ кешенді жөндеу қаншаға шығады және бастапқыда жылу мен кәріз құбырларын ғана ауыстыруды қажет еткен балабақшаны іске қосу үшін 8 жыл күтудің қажеті қанша еді?

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суретті түсірген автор

20 мамыр 2019, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.