Атырау, 25 қараша 02:58
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құлсарыда қозғалыс бағдаршамсыз реттеледі

Бейнежазба
3 413 просмотра


Құлсары қаласында 13 417 көлік ресми тіркелген. Бұлардың 8476-сы жеке тұлғалардікі болса, 4941 бірі заңды тұлғаларға тиесілі. Бұған қоса, Теңіз кенішінде шоғырланған мекемелерге келіп-кететін түрлі көліктер қала жолдарындағы көлік ағынын күшейте түседі. Ал қалада бағдаршам жоқтың қасы. 

Жергілікті жүргізушілердің айтуынша, қаладағы Махамбет даңғылы бойында көлік кептелісі часпикте - таңертең, түсте және кеште жиі болып тұрады.

- Құрсай өзегінен өтетін көпір осы көшеге шығады. Бағдаршамның болмауынан көліктер бір-біріне жол бермей, қозғалысты қиындатады,- дейді Құлсары қаласының тұрғыны Екпін САДЫҚОВ. - Қоғамдық көліктер жұмысқа баратын уақытта кептелісте қалып, адамдар діттеген жеріне жете алмай, мәселен, балабақша, мектеп, жұмыстарына кешігіп, реніштер туындап жатады. Сондықтан көпір, бағдаршамдар салынуы керек.

Қаладағы орталық базар айналасы көлікке толы. Кейбір көлік иелері кез-келген жерге көліктерін қойып кеткен.

- Құлсарыда бағдаршамдар жетіспейті рас,- дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Қахарман БАҒЫНОВ. - Жоба сараптаман өтті, қаржысы бөлінді, енді конкурс ұйымдастырамыз. Жеңімпаз анықталғаннан кейін жеті жерге, яғни, көп кептеліс болатын Махамбет даңғылы, С. Датов пен И. Тайманов көшелеріне бағдаршамдар орнату, 50 бейнебақылау камераларын орнатамыз. Бұл жұмыстардың жалпы құны - 230 млн теңге. 


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

3 сәуір 2019, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.