School.atyrau.gov.kz және garden.atyrau.gov.kz жүйелері жұмысының өзекті мәселелері журналистердің сайт авторлары мен қалалық білім беру бөлімі өкілдерімен кездесуі кезінде талқыланды.
АЛДЫМЕН – ЖЕРГІЛІКТІ
Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары қалаған мектепті таңдауға құқылы. Басқа ықшамаудандардың тұрғындары үшін мектептер квота бөлуі тиіс, бұл туралы ақпарат арнайы сайттарда беріледі. Ата-аналарды квота көлемі мен балаларды іріктеу критерийлері, сондай-ақ, гимназия мен лицейлерге түсу шарттары қызықтырады.
- Мектептерге қабылдаудың типтік ережелерінде екі маңызды тармақ бар. №9 тармақта мектеп қызмет көрсету ауданында тұратын балаларды қабылдауға міндетті екені айтылған. Ал №7 тармақ ата-аналарға мектеп таңдау құқығына кепілдік береді. Бірақ оқу орны өзінің орын санынан асырмауы керек. Сондықтан, бірінші кезекте - қызмет көрсету аймағында тұратын балалар қабылданады, ал қалған орындар, егер қалса, квотаға беріледі. Өйткені, тығыз қоныстанған аудандарда мектептер тіпті өз учаскелерінің қажеттілігін де қамти алмайды. Бүкіл ақпаратты http://school.atyrau.gov.kz сайтынан алуға болады, - деп атап өтті «HANALI 2013» ЖШС директоры Руслан КӨПЖАСАРОВ – оның фирмасы автоматтандырылған жүйелер әзірлеп, қазір қызмет көрсетіп отыр.
Оның сөзін қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Аманбай ХУСЫНОВ толықтырды. Оның айтуынша, мамандандырылған оқу орындары балаларды конкурстық негізде қабылдауға құқығы бар. Атырауда олардың саны төртеу: №16 және №17 мектеп-лицейлер, №30 мектеп-гимназиясы және ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын гимназия (СТГ). Балаларды мекенжайы бойынша қабылдайтын №16 мен №17 мектеп-лицейлерде және №30 гимназияда жалпы білім беретін сыныптардан басқа конкурстық негізде бүкіл қаланың балалары оқи алатын арнайы сыныптар ашылады.
Ал СТГ ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын бірден бір мамандандырылған гимназия ретінде балаларды тек конкурстық негізде ғана қабылдайды. Хусынов өткен оқу жылынан бастап биылғы желтоқсан айында 6 жасқа толатын балалар бірінші сыныпқа бара алатынын еске салды.
ҮШ КҮНДЕ ҮЛГЕРУ
«АЖ»-ға балабақшалардағы бос орындарды «ұстай алмай» жүрген ата-аналар қоңырау шалуда. http://garden.atyrau.gov.kz сайтында «Басымды кіру» опциясы үнемі көрініп тұрады.
Руслан Көпжасаров әскери қызметшілер мен арнайы орган қызметкерлерінің балалары бірінші кезекке қойылатынын түсіндірді. Олардан кейін жетім балалар, мүгедек балалар мен көпбалалы отбасылардың балалары алдыңғы орында. Олар әскери қызметкерлердің балаларынан кейін кезекке қойылып, бір де үш қатынаспен басымдықтары жоқ өтінімдер арасында бөлінеді. Яғни, кезекте жеңілдік алушы, содан кейін қарапайым отбасылардан үш бала және тағы да жеңілдік алушы кетеді.
Сайтта бос орындар пайда болған кезде, басымдылыққа ие отбасыларға балабақшаға орын алуға, баланы рәсімдеуге үш жұмыс күні беріледі. Осы күндері қарапайым кезекте тұрғандар үшін орындар қолжетімсіз. Төртінші күні қалған орындар кезектілігіне қарамастан тілек білдірушілердің барлығы үшін қолжетімді. Бастысы - баланың туған жылы сай келуі тиіс. Бұл ережелердегі негізгі бір өзгеріс болды. Бұл кейде кезектің алдында тұрғандар әлдебір себептермен жолдамаларын алмай, басқалар үшін «кептеліс» туғызатындықтан енгізілген.
Балабақшаға кезектің өзі де жаңаша қалыптастырылады. Нақты балабақшаны белгілемей, баланың туған жылы бойынша жалпы тізім жүргізіледі. Жаңа жүйе енгізілгенге дейін (өткен жылдың 5 қыркүйегі) өтініш берген ата-аналар өз өтініштерінде балабақша нөмірін көрсеткен, яғни, белгілі бір мектепке дейінгі мекемеге жеке кезек болды. Енді олар кезектерін шатастырып тастауы мүмкін деп алаңдайды. Бірақ кезектегі реттік нөмір орын алуға әсер етпейді – сайтта өтініштер олардың берілген күні мен уақыты бойынша басымдық тәртібімен, сондай-ақ, балалардың туған күні бойынша орналасады.
СТАЦИОНАРЛЫҚ КОМПЬЮТЕР ГАДЖЕТТЕН ЖАҚСЫ
Келесі жаңалық: қазіргі уақытта үйіңізден қашықта орналасқан мектепке дейінгі мекемелерде бос орындар бар, бірақ таңдау жоқ болса, сіз келісуге мәжбүр боласыз. Бірақ үйіңізге жақын жердегі балабақшадан орын алу үшін қайтадан кезекке тұруға құқылысыз. Бұрын ондайға жол берілмейтін.
Сайт жұмысына да қатысты реніштер көп. Пайдаланушылар қолжетімді орындарды таңертең ертемен алу керек, ал сайт үнемі «қатып» тұрады деп шағымданады.
- Бос орындар туралы ақпарат күні бойы қолжетімді. Таңертең порталда өткен тәуліктегі босаған орындардың бюллетені жарияланады да ата-аналар оларды тезірек алып қалуға тырысады. Бұдан басқа, балабақшаларда да 1 қыркүйектен бастап 25 мамырға дейін жалғасатын оқу жылы аяқталды. Ата-аналар әдеттегіше уақытына қарап, өздеріне жолдама алуға тырысады. Бәрі жаппай бір уақытта қарайды. Ал байланыс арналары мен серверлердің өз сыйымдылығы бар, ол мұндай белсенді ағымға есептелмеген. Біз кідіртулер процесінің себебін анықтадық. Бір пайдаланушының тінтуірді минутына 76 рет басқан жағдайлары тіркелді. Мұндай әрекеттермен ата-аналар байланыс арналарын өздері ауырлатады, – дейді Руслан Ковжасаров.
Айтпақшы, ол сайтты пайдаланған кезде ата-аналарға талшықты-оптикалық байланысты, яғни, порталға стационарлық компьютерлерден шығуға кеңес берді. Өйткені сымсыз желілердің жылдамдықтары төмен екен. Мұндай мүмкіндіктері жоқ ата-аналар үшін ХҚКО мен қалалық білім беру бөлімдерінде өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары қарастырылған. Оның айтуынша, сайтты жетілдіру үшін оны әзірлеушілер байланыс арналарын кеңейтіп, серверлердің санын көбейткен. Аты айтып тұрғандай, «Ерте брондау» қызметі деген тағы бір опцияны енгізгілері келеді. Балабақша үш ай бұрын алдын-ала белгілі бір орындар босайтынын сайтта хабарлайды, ал ата-аналар оларды алдын ала брондайды. Бұл опцияны енгізу қалалық білім беру бөлімімен талқыланды, бірақ мерзімдері кейінірек жарияланады. Ол ата-аналарға алдын ала, дүрлігіссіз баласы үшін орын алуға, ал балабақшаларға - бос орындардың тұрып қалуына байланысты кассалық алшақтықты болдырмауға мүмкіндік береді деп болжанып отыр.
Қазір Атырау балабақшаларындағы кезекке 27 953 бала тіркелген. 272 орын бос. 1 тамыздан кейін жаңа орындар пайда болуы тиіс.
- Балабақшалар бойынша барлық аударымдар 1-30 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Иә, бұрын білім беру бөлімдері мамырдың соңында жазғы уақытта қабылдай бастайтын. Бірақ заң бойынша мектепке дейінгі топтардың балалары, тіпті, ресми бітіргеннен кейін, 1 тамызға дейін мектепке дейінгі мекемелерге баруға құқылы, - деп атап өтті Көпжасаров.
2018 жылдың 5 қыркүйегінен бастап ата-аналар өздіктерімен балабақшаларға 7 722 жолдама алды, соның ішінде, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап 1085 жолдама алынған.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор