Атырау, 25 қараша 14:43
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алмалы қалаға қосылды; нөмірленген көшелер атауға ие болды

3 224 просмотра


14 қарашада облыстық мәслихаттың кезектен тыс XXVI сессиясы өтті. Бастапқыда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асау ИБРАШЕВ босаған орындарға жаңадан сайланған депутаттар - №11 округ бойынша Елеубай САПАРОВҚА, №15 округ бойынша Мейрамбай БАЗАРБАЙҒА және №25 округ бойынша Ізтұрған БАЙМҰХАНОВҚА мандат пен төс белгілерін тапсырды. Содан кейін облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА жергілікті бюджеттегі өзгерістер туралы баяндама жасады.

Білім беру жүйесінің объектілеріне қосымша 1,6 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат Индер ауданындағы С.Сейфуллин атындағы мектепті балабақша етіп қайта жөндеуге; Қызылқоға ауданының Қарабау ауылындағы және Индер ауданының Бөдене ауылындағы балабақшалардың құрылысын аяқтауға; Махамбет ауданының Еңбекшіл ауылындағы және Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылындағы мектеп құрылыстарын жалғастыруға; Атыраудағы Кіші Өнер Академиясындағы жалғаманы, бассейнді және хореографиялық залды қайта жарақтауға; Исатай ауданының Аққыстау ауылындағы жатақханасы бар кәсіптік-техникалық лицейдің және Атыраудағы қазақ-түрік лицейінің жатақханасының құрылысына; қайта оқытудан өткен педагогтардың іссапар шығындарына; білім беру мекемелерінің коммуналдық шығындарына жұмсалады.

Мәдениет және спорт үшін 2,9 млрд теңге: драма театрын қайта жарақтауды жалғастыруға; Атыраудағы 3 спорт залының құрылысына, спорт клубтарын қаржыландыруға; мәдени көпшілік іс-шаралар мен кітапханалар үшін кітаптар алуға;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық үшін - 0,8 млрд теңге: Махамбет ауылындағы 60 пәтерлі үйдің құрылысын жалғастыруға; Қызылқоға ауданындағы инженерлік инфрақұрылымның құрылысына; Нұрсая ықшамауданындағы 72 пәтерлі екі үйдің құрылысына; Жыланды-Д. Нұрпейісова және Еркінқала-Дамба газ құбырларын салуға; Индер ауданының Ақтан және Қызылжар ауылдарындағы су құбыры желілерінің құрылысын жалғастыруға;

Автомобиль жолдарына - 1,6 млрд теңге: Махамбет ауданының Аққайың, Талдыкөл ауылдары мен Индер ауданының Аққала ауылындағы кірме жолдар мен поселкеішілік жолдарды күрделі жөндеуге бөлінді.

Депутаттар облыс әкімдігінің Махамбет ауданының Алмалы округінің 7145 гектар аумағын Атырау қаласына беру туралы қаулысын мақұлдады. Енді бұл мәселе үкіметте қаралады, ал ол жақтағылардың бұған қарсы болуы екіталай.

Сондай-ақ, депутаттар облыс орталығының «нөмерлі» көшелеріне атаулар беруді мақұлдады. Нұрсая ықшамауданы: №1 көше - Ақбаян, №2 - Күншуақ, №4 - Үшқоңыр, №11 - Елорда даңғылы, №14 - Таумыш Жұмағалиев; Атырау ықшамауданы: №1 - Латиф Хамиди, №17 - Мұстафа Шоқай, №18 - Алтынемел, №34 - Байқоңыр, №41 - Махмұд Қашқари, №42- Тарбағатай, №62 - Ақжайлау, №63 - Жолашар № 64 - Қызғалдақ; Лесхоз ықшамауданы: №1 - Шұрайлы, №2 - Жас дәурен, №3 – Бақдәулет, №4 - Әбілхан Қастеев, №5 - Ғабит Мүсірепов, №6 - Роза Бағланова, №7 - Ұлытау; Самал ықшамауданы: №2 - Хақназар-хан, №3 - Қожаберген жырау, №5 - Нұрлы жол; Сарқамыс ықшамауданы: №1 - Лашын, №2 - Алтыбақан, №3 - Аққайың.

Бұдан басқа, құрылыс саласының ардагері Ғаббас ХИСМЕТУЛЛИНГЕ «Облыстың құрметті азаматы» атағы берілді. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 қараша 2018, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.