Атырау, 23 желтоқсан 08:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Мәдениет

Өнерге ғашық ғұмыр Мәдениет

Өнерге ғашық ғұмыр

28 қаңтар күні Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрында белгілі актер Төлеген ЖАНГЕЛДИЕВТІҢ шығармашылық кеші өтті. Дәл сол күні жазушы-драматург Юджин О‘Нилдің «Шырмауық алдындағы шырғалаң» атты қойылымының премьерасында басты рөлді Төлеген  ойнады. Қойылым режиссері -Асылбек ЫХСАН. 2 ақпан 2012, 15:49 5 341 рет қаралды
Күйшілер көшін біздің Карина бастады Мәдениет

Күйшілер көшін біздің Карина бастады

Атыраулық жас  күйші қыз Карина ӘМІРЖАНОВА Алматыда өткен «Күншуақ» республикалық күйшілер сайысында 1-орынға ие болды. Бұл сайыстың ерекшелігі - оған 5 пен 16 жас аралығындағы өнерлі жасөспірімдер қатысқан. 20 қаңтар 2012, 10:21 5 606 рет қаралды
Суретші Отарбай КЕНДІР: «Көшпенділер мәдениеті көңіліме жақын» Мәдениет

Суретші Отарбай КЕНДІР: «Көшпенділер мәдениеті көңіліме жақын»

Құрманғазы ауданының Нарын құмында дүниеге келген қылқалам шебері шетсіз далаға көз тастап отыруды бала күнінде-ақ әдетке айналдырған. Оны өзінен бұрын ұшқыр қиялы алысқа жетелейтін. Қыр асқан сары даланы кенепке теңеп, ойша сурет салатын. Кейін бейнелеу өнеріне шындап кірісуді шешті. Осылайша жүрек қалауы оның қолына қылқаламды алдырды. Бүгінде ол оның айнымас серігі. 5 қаңтар 2012, 17:26 14 065 рет қаралды
Санкт-Петербургтен Гран-при ұтып алды Мәдениет

Санкт-Петербургтен Гран-при ұтып алды

Атыраулық «ЖасStar» вокалдық дуэті тағы да табысқа жетті. Бұл жолы Ақтоты АСҚАР мен Аслан ЕРТІЛЕУОВ Санкт-Петербургте өткен «Многоголосие народов мира» халықаралық конкурсының гран-при жүлдесін жеңіп алды. 4 қаңтар 2012, 19:58 3 000 рет қаралды
Армысыңдар, атыраулық таланттар Мәдениет

Армысыңдар, атыраулық таланттар

Біздің жаңа айдарымыз қаламыздың даңқын шығарған адамдарға арналады. Кезінде олардың есімдері атыраулықтардың барлығының дерлік аузында жүретін. Олар кімдер? Облысымыз тек мұнай тербелмелерімен ғана емес, музыканттар, спортшылар, әншілер мен ару қыздарымен де мақтана алады. 29 желтоқсан 2011, 18:08 5 865 рет қаралды
Жастық шақтың жарқын бояулары Мәдениет

Жастық шақтың жарқын бояулары

Қадала қараған бірнеше жұптың көзінің алдында тағы да кем дегенде төрт сағат тұрды. Дегенмен, натурашы қыз қимылсыз ұзақ уақыт бойына тұруға баяғыдан-ақ әдеттенген. Оның анадан туғандай тыр-жалаңаш тұрғанына қысылып-қымтырылуы суретші шеберханасында тіптен орынсыз екендігі белгілі. Ол өзінің  желге ұшып желбіреген  шашында ойнақтаған күн сәулесі оның өзінің әдемілігін  барынша шындыққа жанаспайтындай әсерде қалдырғандығын біліп те тұр. Оның денесінің әрбір бітімі, қырын қараған иығы, бөксенің болмысы мен білезік және солған гүлшелер секілді  ашылмаған раушан гүліндей салбыраған басының аздап  сай келмейтіндігін  ол сезіп те отыр. Алайда ол бүгін қылқалам мен кенептің басты тақырыбы. 22 желтоқсан 2011, 16:08 7 947 рет қаралды
Театр сыншысы Әшірбек СЫҒАЙ: "Шалдар шаршаған жоқ" Мәдениет

Театр сыншысы Әшірбек СЫҒАЙ: "Шалдар шаршаған жоқ"

Жуырда Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрында «Жаңғырық» атты спектакльдің премьерасы болып өтті. Қойылым жанры – трагикомедия. Режиссері – ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Чапай Зұлқаш. Бұл пьеса жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың «Көрген-баққан» әңгімесінің желісімен жазылған. 15 желтоқсан 2011, 15:27 6 023 рет қаралды
Руслан Бердиматов: «Мен туралы әлі де естисіздер!» Мәдениет

Руслан Бердиматов: «Мен туралы әлі де естисіздер!»

Біз жерлесіміз Руслан БЕРДИМАТОВТЫҢ отандық шоу-бизнестің шыңын бағындыру жолындағы жетістіктері жөнінде әлденеше рет жазған едік. Оның еңбекқорлығына қызықпасқа болмайды. Бір жыл бұрын Қазақстанда алғаш рет өткізілген британдық «X-Factor» таланттар шоуының финалисі болып, Джеймс БРАУННЫҢ «Ifeelgood» әнін өзгеше орындауымен есте қалды. Оның осы орындауындағы бейнежазба әлі күнге дейін ғаламтор кеңістігінде үлкен танымалдылыққа ие боп келеді. 8 желтоқсан 2011, 17:38 3 792 рет қаралды
Мәдениет

Күй қағанын құрдастары еске алды

Биыл ҚР Халық әртісі, күйші Рысбай ҒАБДИЕВ тірі болса 75 жасқа келетін еді. Өткен аптада Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің музыка және өнер кафедрасының студенттері өнер жолында мәңгілік із қалдырған домбырашы-дирижер ұстазды еске алу кешін ұйымдастырды. 8 желтоқсан 2011, 18:21 5 146 рет қаралды
Бас жүлде алматылық Әселге бұйырды Мәдениет

Бас жүлде алматылық Әселге бұйырды

Өткен аптада екі күнге созылған Дина Нұрпейісова атындағы ІV республикалық «Бұлбұл» домбырашы қыз-келіншектер сайысы өз мәресіне жетті. Дүбірлі өнер додасына қатысқан 19 домбырашы арудың ішінде бас жүлдеге Алматыдан келген  - Әсел АРИНА (суретте) лайықты деп танылды. 1 желтоқсан 2011, 18:59 7 359 рет қаралды
«Дарын» хорының табысы Мәдениет

«Дарын» хорының табысы

Атыраулық  «Дарын» ер балалар хоры  қарашаның 8-13 аралығында «Әнші балапан» республикалық фестиваліне қатысып қайтты. Бұған дейін бұл талантты топ  «Түрік дүниясы» атты Түркияда өткен  достық фестивалінен оралған болатын. 25 қараша 2011, 14:33 7 429 рет қаралды
Өмірдің бар қуанышы әуен мен сөзде Мәдениет

Өмірдің бар қуанышы әуен мен сөзде

Он жеті жасар Ақтөбе қаласының тұрғыны Назым ЖҰРЫНБАЙ (суретте) үшін айнала  тек қара бояуға боялған. Туғаннан  көз жанарынан айырылғандардың көпшілігі үшін бұл тағдырдың қатал өкімі болып есептеледі, бірақ бұның Назымға қатысы жоқ. Оның жүзінде қашанда күлкі және жаңа ғана бүр жарып келе жатқан оның жастық өмірі жарқын болашақ пен асқақ сезімдерге толы. Және ол сезім тек Назымның ғана емес, басқа да көзі көрмейтін және нашар көретін адамдар арасында Атырауда өткен алғашқы батыс-қазақстандық фестивалға қатысушылар бойынан байқалады.  17 қараша 2011, 17:14 3 398 рет қаралды
Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Нұрлан САНЖАР: «Қазіргі көлігім – 67-ші автобус» Мәдениет

Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Нұрлан САНЖАР: «Қазіргі көлігім – 67-ші автобус»

Жуырда бізге бірнеше ұрпақ өкілдерінің сүйікті киносына айналған «Менің атым Қожа» фильмінде басты кейіпкер рөлін сомдаған әйгілі сценарист, жазушы Нұрлан САНЖАРМЕН сұхбаттасудың сәті түскенеді. 10 қараша 2011, 19:02 16 867 рет қаралды
Қыш көзелер сыр шерткенде Мәдениет

Қыш көзелер сыр шерткенде

Қаңыраған үйдің суық бөлмесіндегі ескі отырғышта киімін шаң басқан, "солдафон" етік пен тақия киген шаршаңқы жүзді әйел отырды. Жанында су құйылған шелек пен шүберек, түрлі қоқыстар үйіліп жатыр. Ал жылуды сезінген бұралқы мысық аяғының астына оратылыпты. Әйел өзінің өткені мен қазіргі күйі туралы сыр шертті. Біз жаңа ғана кеберсіген саз құмыралар қойылған үстел басында шәй ішіп отырмыз. Мен бір танысымның : "А-а, Зинат па? Ол өзі біртүрлі қызық адам" деген сөзін есіме алдым. "Иә, осылай деп бетіме де айтады", деп күлді кейінірек ол. Ол әпенділеу әйел болуы мүмкін, бірақ өзін өте бақытты сезінеді. 20 қазан 2011, 16:14 8 729 рет қаралды
«Жұбағаң мені терезеден лақтырып жібере жаздаған еді» Мәдениет

«Жұбағаң мені терезеден лақтырып жібере жаздаған еді»

Ата-бабасы Еділ-Жайықта, өзі қарт Қаратаудың Жон жайлауында туған қазақтың біртуар композиторы Илья Жақанов бүгінде атакүлдігі Атырауда тұрып жатыр. Тағдырдың желі айдап, атамекеннен ауа көшкен бабасы бұл жаққа қайтып оралмады. Оның есесіне олардың орнын Ілағаң толтырды. Толтырды дегенде, біз оның Атырауға қоныс аударғанын ғана айтып отырған жоқпыз, ең бастысы, ол осыдан тура 30 жыл бұрын, тап осындай қазан айында «Еділ мен Жайық» атты өлмес әнді өмірге әкелді. Ал бұл әннің тарихы өте қызық. 13 қазан 2011, 11:02 8 381 рет қаралды
«Біз қазақ халқының алдында әрдайым қарыздармыз» Мәдениет

«Біз қазақ халқының алдында әрдайым қарыздармыз»

Өткен аптада Атырауда корей халқының мәдени күндері ерекше аталып өтілді. Ерекше дейтініміз, биыл Атыраудағы «Тхоньил» корей этномәдени орталығының құрылғанына 20 жыл. Қазақ елінің тәуелсіздігінің мерейтой қарсаңына тұспа-тұс келген айтулы күнге корейліктер республиканың әр аймағынан жиналды. 13 қазан 2011, 17:05 7 447 рет қаралды
Ұлттық қолөнерді дамыту өскелең ұрпақтың борышы Мәдениет

Ұлттық қолөнерді дамыту өскелең ұрпақтың борышы

Ұлттық қолөнерді дамыту үшін не істеу керек? Бабадан қалған дәстүрді қайткенде шашауын шығармай ұрпаққа қалдыруға болады? Бұл сауалдарға жауап  жуырда өткен семинарда ізделді. Оған қаладан және аудандардан әуесқой және кәсіпқой қолөнершілер қатысып, өз бұйымдарын көрмеге ұсынды.      6 қазан 2011, 12:03 20 406 рет қаралды
Атырауда түсірілген жаңа фильмнің тұсауы кесілді Мәдениет

Атырауда түсірілген жаңа фильмнің тұсауы кесілді

Бүгін Атырау облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында «Студенттік кез» атты жаңа кинотуындының көрсетілімі өтеді деп күтілуде. Фильмнің тұсауы қыркүйектің 28-і күні осы театрда кесілген болатын. Жастар өмірінен баяндайтын фильмнің режиссері – Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенті Таймас САПАРҒАЛИ. 29 қыркүйек 2011, 16:14 6 548 рет қаралды
Сенбіде әзілқой жастар бас қосты Мәдениет

Сенбіде әзілқой жастар бас қосты

Қыркүйектің 24-і күні  Атырауда  Қазақстан КВН одағының өңірдегі  филиалы ұйымдастыруымен студенттер арасында көңілділер мен тапқырлар клубының ширек финал ойыны өткізілді. Бұл ойынға он команда қатысты. Жартылай финалға жолдама алған жеті команда қалжың қалталарын сапалы әзілге толтыруға кіріседі. 29 қыркүйек 2011, 16:33 3 568 рет қаралды
Қарт Еділді қырық елдің әуені тербетті Мәдениет

Қарт Еділді қырық елдің әуені тербетті

Биылғы қыркүйектің тамылжыған күндері астрахандық тамырлар мен қандастар үшін дүркіреген өнер мерекесімен есте қалатын болды. Өйткені мұнда Еділдің асау толқындарына үн қосып, көне тарихи қаланы әр халықтың дәстүрлі музыкасының сұлу үніне бөлеген «Голоса Золотой степи -2011» атты 3-халықаралық этнографиялық фестиваль-байқау өткен еді. 29 қыркүйек 2011, 17:28 3 888 рет қаралды
Биші Назгүл ЖҮСІПОВА: «Арманы бар адам бақытты» Мәдениет

Биші Назгүл ЖҮСІПОВА: «Арманы бар адам бақытты»

Менің бүгінгі сұхбаттасым Атыраудың өнер сахнасында мың бұралған биімен көпшілік көрерменге танылып келе жатқан талантты хореограф Назгүл ЖҮСІПОВА. Ол  жуырда жеке шығармашылық концертін бермекші. Концерт қазан айының соңына таман Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында өтеді деп жоспарланып отыр. 22 қыркүйек 2011, 16:22 34 754 рет қаралды
Мәдениет

Оралда көрме өтеді

23 қыркүйектен бастап Орал қаласында халықаралық деңгейде «Жазира Жайық» атты көркемсурет көрме-байқауы өтпек. Ол тура бір айға созылады.  Ерке Жайықтың  көркін  Атыраудан суретшілеріміз Камила ЖАПАЛОВА мен Елуғали ДӘУКЕНОВ бейнеледі. 22 қыркүйек 2011, 16:26 3 242 рет қаралды