Атырау, 13 желтоқсан 23:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Жастық шақтың жарқын бояулары

7 516 просмотра

Қадала қараған бірнеше жұптың көзінің алдында тағы да кем дегенде төрт сағат тұрды. Дегенмен, натурашы қыз қимылсыз ұзақ уақыт бойына тұруға баяғыдан-ақ әдеттенген. Оның анадан туғандай тыр-жалаңаш тұрғанына қысылып-қымтырылуы суретші шеберханасында тіптен орынсыз екендігі белгілі. Ол өзінің  желге ұшып желбіреген  шашында ойнақтаған күн сәулесі оның өзінің әдемілігін  барынша шындыққа жанаспайтындай әсерде қалдырғандығын біліп те тұр. Оның денесінің әрбір бітімі, қырын қараған иығы, бөксенің болмысы мен білезік және солған гүлшелер секілді  ашылмаған раушан гүліндей салбыраған басының аздап  сай келмейтіндігін  ол сезіп те отыр. Алайда ол бүгін қылқалам мен кенептің басты тақырыбы.

 

НАТУРАШЫ ҚЫЗДЫҢ ҚАТЕЛІГІ

... Қыз жалыққан кейіппен суретшілерге тесіле қалды.  Олар бастарын төмен салып, мольбертпен бас көтерместен жұмыстарын жалғастыра берді, арасында ғана нысанаға көз салып қояды. Олардың бірі тіпті, қаламын шимайламаған да, қызға тесіліп қараған күйі әлі отыр. Қыз кенет дір ете қалды. Әлде оның өзіне солай көрінді ме?! Қадалған суретші оның денесін атом бөлшектеріне бөле қарады, жарық түсіре қадалды, өмірдің бір белгісіз формасын ашып жатқан ғалымдай зерттеп, зерделей бастады. Қыздың қымсынғанын біраз кейін байқаған жігіт бір нәрсеге қатуланғандай бір қабағын түйіп, кенепке қайта үңілді. Оған тіпті, оның кәсіби шеберлігіне күмән келтіреді деген ой да кіріп шығатын емес.

– Мен қашанда сурет салуға жан-тәніммен бері-лемін. Түсінесіз бе, бұл менің өмірім, менің құмарлығым, менің сүйікті жұмысым. Әрбір сызықты барынша нақты етіп беріп қоймай, оған жан бітіруге, оның тамыр соғысын сезетіндей етіп бергің келеді.

– Натурашы қыздың жайы не болды?

– Қызға әр қараған сайын ол ұялып, кірпігін төмен салады. Бір нәрсеге баса назар аудару қашан да оңай емес. Сабақ аяқталып, университет ғимаратынан шыққан кезде ол қызды алаңдағы орындықта отырған жерінен кездестірдім. «Мен сізді күтіп отырмын», - деді ол. Біз аздап қана әңгімелестік. Ой, күлмеңіз, ол кезде мен үйленгенмін және жұбайымды сүйетінмін. Біз жәй ғана жақсы таныстар болдық.

 

…«СУРЕТШІ БАЛА»АТАНҒАН

Қамбарбек АМАНОВТЫҢ өз шығармашылық жолын анасының құрсағында жатып-ақ таңдап алғандығына сенімдімін.   Ал, қағазға шимай салуды ол кішкене жұдырығы қарындаш ұстауға жараған кезден бастады. Үржардағы селолық мектептің балалары өз сыныптастарына «суретші» деген атақты бірінші сыныпта-ақ беріп үлгерген еді. Ол қолы боста өзі ұнатқан сыныптас қыздарының су

ретін салатын. «Балалық шағымда мен үнемі азапты махаббат күйін кешіп жүретінмін,-дейді Қамекең. – Бұл шамасы, ішкі өмірімдегі толқынды ағыстың нәтижесінен және қиялымнан туатын болуы керек». Тек сынып старостоларына ғана ғашық болатынмын. Оларды қалған басқа күлегеш қыздар тобынан оңай ажыратып алуға болады. Және олар қашанда оқу үздіктері болып келеді. Алайда, қыздарға қабілетті балалар ұнайтын, мәселен, үшінші сыныпта Қамбарбек көшіруге алған дәптердің артқы жағына Ленин атаның суретін салып, өзіне үздік қыздардың назарын аудартып алған еді.

... Мектеп бітірісімен бірден алыстағы Германияға әскерге аттанды. Қамбарбек «дух» санатында жүрген кезінде басшылыққа әскерилердің суреті салынған стендтерді шығару қажет болды да, бірде қатарда тұрған олардан: «Сурет салатындар бар ма?» деп сұрады. Бірнеше қол көтерілді. Кездейсоқ қона кеткен баққа ие болған жігіттің қарауына барлық жағдайы жасалған шеберхана мен бос уақыттың бұйыра қалғаны. «Қамбарбектің қолынан шыққан» көркем альбомдар мен шабадандар «дембельдік» маусымның сыйына айналды. Суретші үшін бастысы - өз ойын бейнелеп жеткізу. «Алайда, кез-келген уақытта қалағаныңды салуға мүмкіндік туа бермейтін, дейді ол. – Стенділер түрлі жарғылық жағдайларға сәйкес салынатын... Қызық үшін жауынгерлердің орнына өзімнің әскери достарымның жүздерін бейнелейтінмін. Офицерлер үйінің әрбір бөлмесінде менің қолымнан шыққан Владимир Ильичтің портреті ілініп тұратын. Әскердегі өмір мен үшін жақсы естеліктер болып қалды». 

 

СУРИКОВ УНИВЕРСИТЕТІ

Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесінің соңғы курстарында Қамбарбек Аманов қарапайым адами армандармен өмір сүрді. Оның жүзі күлімсіреген кішкене қызы, сұлу келіншегі күнделікті тәтті дәмдісімен қуанта білді. Ал, оның өзі туған ауылына оралып, мектептегі сурет пәні мұғалімінің  бөлмесін, өзін асыға күтіп отырған анасын ұйықтаса түсінде көретін болды. Оның бұл жоспарын Мәскеуден таланттыларды іздеп келген делегация бұзды. Қамбарбекке училищеде сызудан сабақ берген ұстазы бөлмеге жүгіре кірген өзінің талантты оқушысының екпінінен инфаркт ала жаздады. Қамбарбек тұншыққан дауысымен оның бетіне қарап: «мені Суриков университетіне алды!» деп айқайға басты. КСРО-дағы барлық жас суретшілер үшін В.И.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркем-сурет институтында оқуға түсу - қол жетпес арманмен тең болатын. Тіпті, осы оқу орнының дипломы бар үшке оқыған маманының өзі баға жетпес болып есептелетін. «Сіз аздап болса да деміңізді басыңызшы, әйтпесе машинаның астына түсіп қаларсыз», -деп ұстазы оны сабырға шақырды.

Мәскеуге ұшып бара жатқан ұшақта Қамбарбек өз жанында отырған келбетті көршісінің жүзінен көзін тайдыра алмады. Сол бейнені қазір оның әйелдер бейнелеген картиналарынан көруге болады. «Мен оның есімінің кім екенін де білмеймін»,-дейді Қамекең. –Алайда, мен оны есімде қатты сақтап қалдым, неге олай, оны түсінбедім. Бірақ бұл суретшілердің басында болады».

Алты жыл бойы Қамбарбек өз қарындашын Цеплаков және Артамонов секілді атақты суретшілердің шеберханасында ұштап жүрді. «Мәскеудегі оқу Алматыдағы оқыған бағдарламадан мүлдем өзгеше болды,- деп еске алады ол. – Берілетін тапсырмалар да бөлек. Шеберхана ұстазы өзінің көмекшілері Чирков пен Забелинді қалдырып, бізге аптасына бір-ақ рет келіп кететін».

Академик Цеплаков шеберханаға енген кезде күн жарқырап кеткендей болады. Бәлкім, оны өзі аңғармайтын да болар, бірақ, оны көргендер толқымай тұра алмайды. Сол кездері шеберхана студенттері орыс әйелінің бейнесін салған болатын. Суреттерді қараған ұстазы Амановтың салған суретіне тоқталып қалды да: «Бәрің де мында келіңдер», -деді. Қылқаламдарын тастай сала жиналған студенттер Амановты қоршай тұра қалды. «Сіздің есіміңіз кім, жас жігіт? –деп ол Қамбарбекке бұрылды. – Мына талантты жігіт көпшілігіңнің бір жылда салып бітіре алмайтындарыңды бір аптада бітіріп отыр». Студенттер үнсіз қалды, олардың арасында жоғары курстарда оқитындар бар, енді біреулері дипломдық жұмыстарын да салып жатқан еді. Одан әрі ұстаздары сабаққа қатысты әңгімелерін айта бастады, бірақ, Қамбарбектің оны тыңдайтындай шамасы жоқ еді. Ол қуанғанынан, өзіне қанат біткендей сезінді. Ондай атақты суретшіден мақтау есту өте маңызды болатын. Ол өзі армандаған дипломымен бірге Гурьев қаласының суретшілер одағына жолдама алды. Осыдан отыз жыл бұрын ұшақтан түскен Қамекең Гурьевтің ыстығының асфальтты қалай еріткенін және қарсы алғандардың ықылас-зейінін көзбен көрген еді.

Жасыл-желегі жоқ жап-жазық далаға сұқтана қараған әйелін ол: «Бұл тек бір-екі жылға ғана», -деп алдарқатты. 

–Міне, енді көп жылдар өткен соң осынау ызғарлы да қатал жер мен үшін қымбат нәрсеге айналды деп айта аламын, -дейді Аманов. – Бұл жер - менің туған үйім!». 

 

ӨЗ ӨҢІРІНДЕГІ ӨНЕРІ

Қамбарбек Амановтың тағы бір таланты - ауызша суреттеу арқылы портрет салады екен. Бұл тіпті хас суретшінің өзі үшін сирек кездесетін қабілет. Маған Қамекең әңгімелеп берген оқиға 1985 жылы болған екен. Ол кезде тыныштық орнаған Гурьев қаласын төбе шашты тік тұрғызар сұмдық қылмыс дүр сілкіндірген. Белгісіз ер адам бес жасар сәбиді өлтіріп кетіпті.

Бүкіл жергілікті полиция қылмыскерді іздеуге жұмылдырылады. Бірақ одан пайда болмайды. Бар үміт сол оқиғаға дейін үйінің маңында айналсоқтап жүрген күмәнді жанды көрген сәбидің қарт әжесінде ғана қалады. Милиционерлер учаскеге Гурьевтегі бүкіл суретшілерді шақырыпты. Әжейдің сөзінен олар қылмысқа күдіктінің суретін салып шығулары тиіс еді.

...Көзін жұмған әжей сипаттай бастады. Мұрнын, ерінін, бет-әлпетін... Қайта-қайта кешірім сұрап, жаңылысқан әжей қиналып, жексұрын бейнені есіне түсіруге тырысты. Бірнеше сағаттан кейін әжей айтып болған кезде, оған салынған суреттерді қарауды ұсынады. Суретшілердің мольберттерін аралап, басын шайқаған әжей Қамбарбектің салған суретінің жанына келгенде, жүрегін ұстай қалып, екінші қолымен портретті көрсетіп: «Мынау сол адам...» дейді.

Қылмыскер құрықталады. Осыдан соң Қамбарбек бірнеше рет ауызша суреттеу арқылы портреттер салып, милицияға қылмыскерлерді ұстауға көмектескен. Талантты адам қай істе де талантты болады екен...

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

 

 

 

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ

Қамбарбек Аманов 1951 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келген. Бүгінде Қамбарбек Хасенұлы – Х. Досмұхамедұлы атындағы университеттің доценті, ҚР суретшілері мен дизайнерлері одағының мүшесі, Алматыдағы суретшілер академиясының корреспондент-мүшесі және Қазақстандағы ең танымал суретшілердің бірі. Оның туындылары еліміздің барлық облыс орталықтарының дерлік көрмелеріне қойылған.

Отбасында бес баласы мен төрт немересі бар.

 

Қамбарбек Хасенұлының айтуынша, балалардың суретін салу қиын екен. Сондай-ақ, әйел адам болсын, ер адам болсын, әдемі бет-жүзді салу да қиын көрінеді. «Сұлу, еш кемшілігі жоқ бетте есте қаларлықтай ештеңе болмайды, - дейді ол. – Түзу мұрын, мінсіз көздер, ауыз – мұнда көзге ілінетіндей ештеңе жоқ. Әйелде, мәселен, өзіндік даралық қасиет болса, ол картинада жақсы шығуы мүмкін. Дөңес мұрын немесе иегінде шұңқыры болса, сұлулық осында, осынау ерекшелікте. Бұл оны тек сұлу етіп қана қоймай, ғажайып жаратылысқа айналдырады». Бір қызығы, қариялардың портреттерін салған оңай екен.

 

«Кешкі жайлау» картинасы Суриков атындағы институтты тәмамдаған кезде Қамбарбек Амановтың дипломдық жұмысы болған көрінеді. Онда үйіне оралған жылқышының отбасы бейнеленген. «Картинадағы адамдар – менің отбасым еді. Әкесіне қол созған сәби – менің үлкен ұлым. Бұл картина ең жоғарғы бағаға ие болып, менің мақтанышыма айналды».

«Девушка-художник» картинасы бірер сағатта салыныпты. «Картинада бейнеленген қыз – танысымның қызы еді. Айтпақшы, ол да суретші».

«Жайық жағасында» және «Ескі мен жаңа» – бұл картиналардан қазіргі Атыраудың келбетін көруге болады. Екінші картинада суретші өткен күн мен ертеңгі күннің шынайы осы шақпен сабақтасып жатқанын баяндаған.

22 желтоқсан 2011, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.