7-арнадағы «Жұлдыздар фабрикасы» жобасына қатысушы жерлесіміз Руслан БЕРДИМАТОВ қазіргі сәтте біздің қолдауымызға әбден мұқтаж болып отыр.
Қазан айының басынан бері Руслан Бердиматов «Жұлдыздар фабрикасы» жобасында Атырау облысының намысын абыроймен қорғап жүр. Оған дәлел – Валерий МЕЛАДЗЕНІҢ шығармашылығына арналған концертте sms-хабарлама қортындысы бойынша дауыс жинап, көрермендер көзайымы атануы.
Өткен сенбіде қазылар алқасының бағалауы бойынша оған шығып қалу қаупі төнген болатын. Бұл жөнінде қазылар жеке ән айту сыны бойынша оның қаншалықты лайықты екенін тексергіміз келеді дегенді көлденең тартты. Есепті концертте қатысушылар негізінен танымал хиттарды шырқап, дуэтпен немесе триомен өнер көрсетеді. Конкурс ережесі бойынша, номинанттар арнайы осы жағдай үшін жазылған әнді жеке айтып шығады. Осылайша бір жағынан өзіңді жеке орындаушы ретінде көрсетуге жақсы мүмкіндік туса, екінші жағынан сәтсіздік бола қалған жағдайда жобадан шығып қалуың да мүмкін еді. Алайда Руслан тәуекел етуден қорықпады. «Мен, тіпті, Ринат ҒАЙСИН менің атымды атаған кезде қуанып кеттім. Бесінші концерт өтті, ал мен өзімді қарайып қалғандай сезіндім. Ақыры өзімді көрсететін мүмкіндік те туды-ау... тек сіздер мен үшін дауыс беріңіздер!» - дейді Руслан телефон арқылы.
Қанеки, оны осы сенбіде қолдайық, жерлестер! 7777 нөміріне 04 мәтінін жазып смс жолдаңыздар.
Зульфия ИСКАЛИЕВА