Атырау, 21 желтоқсан 22:19
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Күздегі найзағайдың жарқылымын»

9 017 просмотра

Кешегі сейсенбінің қоңыр кеші атыраулық жыр сүйер қауымның көңілін бір серпілтіп тастады.

Соңғы жылдары шығармашылық адамдарының туындыларымен қатар, авторларын да қалың көпшілікке таныстыру мақсатында түрлі сурет көрмелерін, жыр кештерін өткізіп жүрген «Ақжелкен» шығармашылық орталығы бұл жолы ойлы өлеңге сусаған қауымды жылыойлық талантты ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Бүркіт Базарбаевпен жүздестірді. Кештің тақырыбы Бүркіттің өз өлең жолдарынан алынып, «Күздегі найзағайдың жарқылымын» деп аталды. Онда Бүркіттің өзімен қоса, бүгінде әдебиет сүйер қауымның жүрегінен орын алып үлгерген Асан Темір, Шопан Шыңғыс, Гүлзада Ниетқалиева, Гүлмира Сүйекенова және басқа ақындар өлеңдерін оқып, атыраулық белгілі қаламгерлер Қаржаубай Сұлтанғалиев, Әлібек Қайыров, аталмыш орталықтың жетекшісі Нұрберген Дәулетов, мүсінші Серік Мәтениязов ақын жырлары жайлы пікірлерін ортаға салды. Кең Жылыойдан келген өнерпаздар ақын өлеңдеріне жазылған «Анама», «Қазақстан», тағы басқа әндерді орындады.

-«Бүркіттің ақындық тағдырын мен Мұқағалиға ұқсатамын,-дейді ол туралы оның өнердегі досы, белгілі қаламгер Әбілхан Төлеуішов. – Жүректің қылын шертетін, тұмадай таза, нәзік өлеңдер жаза тұра әлі күнге жеке кітабы шықпаған. Өлеңдері тек қана топтама жинақтарға басылған. Жасы болса елу беске келді. Мұнайы тасып жатқан Жылойда талантты ақындарға демеуші болатын кәсіпкерлер жоқ дегенге өз басым сенбеймін. Ал өзі болса, «енді біржола «Таңдамалымды» шығарармын» деп әзілдеп қояды.

Тарас НАУРЫЗӘЛІ

24 қараша 2011, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.