Атырау, 22 желтоқсан 20:02
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

“Талбесік” таланттарды танытты

7 120 просмотра

27 қаңтарда «Ақ Желкен» шығармашылық орталығында Батыс Қазақстанның бейнелеу өнері шеберлерінің «Талбесік» деп аталатын есеп беру көрмесі ашылды.

Облысымызға танымал суретшілер Әділқайыр ЖАНТАСОВ пен жуырда ғана «Алтын қайық» марапатына ие болған Исім АРЫСТАНОВТЫҢ ( «Алтын қайықтың» алғашқы иесі», «АЖ» №3, 19 қаңтар 2012 жыл) картиналарынан басқа, көрермендер Қанат ОРАЗОВТЫҢ, Мақсот ЖАҚАНОВТЫҢ, Бейсенғұл КӨБЕКОВТІҢ, Ильсияр КАЗАКОВТЫҢ және басқалардың қызықты еңбектерімен таныса алады. Ақтөбелік суретшілер  33 жұмысты, Орал шеберлері 13 картинаны, атыраулықтар 30 туындыны көрмеге қойды.

- Суретшілер мемлекет пен меценаттардың қолдауынсыз, өз күштерімен еңбек етуде, - дейді орталық директоры Нұрберген ДӘУЛЕТОВ. – Біздің әрбіреуіміз өз талпынысымызбен жұмыс жасап жүрміз – бұл өнердің, яғни, тұтас қоғамның да дамуын тежейді. Талантты суретшілер қай жерде де керек, оларға полиграфия қызметі, газеттер мен журналдар, өнеркәсіптік дизайн және т.б. салалар мұқтаж. Ал әріптестерімен танысу суретшілердің шығармашылығы үшін зор түрткі болады. Сондықтан тұрақты түрде біріккен көрмелер ұйымдастыруды міндет етіп қойып отырмыз. Қандай да болмасын заманауи өнер бағытына ерекше көңіл аудармаймыз. Туындының сонылығы мен  орындалу деңгейі жұмыстың іріктеу өлшемі боп табылады. «Ақ Желкен» ашылған сәттен бастап, аймағымыздың суретшілері үшін өзіндік көрнекілік, коммуникативтік рөл атқарып, коммерциялық және жарнамалық орталық ретінде белсенді көрме саясатын жүргізіп келеді. Орталық Ақтау, Ақтөбе мен Орал суретшілерімен тығыз байланысты жолға қойып, осы қалалар бойынша жылжымалы көрме жұмыстарын ұйымдастыруды, Атырауға картиналар әкелуді үйлестіруге қол жеткізді.

Көрме шеңберінде батыс аймағының суретшілері кеңесінің алғашқы отырысы болып өтті. Онда «Алтын қайық» аймақтық номинациясымен марапаттау ережесі бекітілді.  Бұл жыл суретшілер үшін өте мазмұнды болмақ. Олар үшін Атырауда жылжымалы көрмелер мен шеберлік дәрістерінің симпозиумы ұйымдастырылады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА,

суреттерді түсірген Владимир  ИСТОМИН

2 ақпан 2012, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.