Атырау, 24 қазан 09:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 486.65
€ 524.46
₽ 5.05

Қазақ әншісі Евровидениеге Швецияның тарапынан қатыспақ

3 547 просмотра

Қазақстандағы X-Factor ән байқауының жеңімпазы Дәрия Ғабдұл Швеция елінің тарапынан "Евровидение-2012" конкурсына қатысу ниетін білдірді.

Бұл туралы Дәрияның өзі Tengrinews.kz тілшілеріне мәлімдеген.

Еліміз бұл музыкалық шоуда қатыспайтындықтан Дәрия әйгілі халықаралық байқауға атсалысудың басқа амалдарын іздестіруде.

Ал Швеция болса әлемнің кез келген мемлекет азаматын "Евровидениеге" ұсына алады.

Бірақ ең лайықты әншіні бұл елдің теледидар көрермендердің өздері таңдау керек. Айта кетейік Дәрияның конкурсқа дайындаған әнін Швеция композиторы жазған.

Естеріңізге сала кетсек, биыл Дәрия Ғабдұл Қазақстандағы ең бірінші X-Factor байқауының жеңімпазы атанды. Шарт бойынша әншіге 10 млн теңге (67 мың АҚШ доллар) сыйға берілген. Оған қоса жеңімпаз Sony Music Russian компаниясымен келісім-шартқа тұрды.

Евровидениенің бірінші жартылай финалы 2012 жылдың 22 мамырында өтпек. Байқаудың жеңімпазы 26 мамырда белгілі болады.

Дереккөз: nur.kz

2 желтоқсан 2011, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.