5 қараша күні облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында қазақша КВН ойынынан студенттер лигасының финалдық ойыны өтті.
Осы жолы ойынға қатысқан командалар тақырыптық сайыстарға түсті. Ширек финалда жолдама алған «ПСК» командасына - тарих, «Қызылқоға» құрама командасына - ХХІ ғасыр электроникасы, «Космос» командасына - кино, «Позитив» командасына - ХХІ ғасыр ахуалы, «Еркінқала» құрама командасына – ертегі, «Теңдік» құрама командасына – спорт тақырыбының мәнін ашу міндеті артылды.
Жалпы ойын сәлемдесу, қайым айтыс, үй жұмысы бөлімдерінен құралды. Сәлемдесу бөлімінде «Сүт» командасы, қайым айтыста «Қызылқоға» құрамасының ойындары қызықтырақ көрінді. Ертегі және кино тақырыптары жеңіл болғасын ба, Еркінқала құрамасы және Космос командалары сәтті өнер көрсетті.
Ойын жүргізушісі әрі ұйымдастырушысы Асхат Қалауов командалардың мықтылығы қайым айтыста байқалатындығын еске салды қазылар алқасының назарына.
Ойын қазылардың шешімімен былай қорытындыланды: «Позитив», «Сүт», «Теңдік» командалары финалист дипломымен марапатталса, 3-орын кубогы «Еркінқала» құрамасына, 2-орын кубогы «Қызылқоғаға» берілсе, 1-орынды, яғни Атыраудың 2011 жылғы чемпионы атағын «Космос» командасы жеңіп алды.
Айнұр САПАРОВА