Атырау, 25 желтоқсан 18:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Атыраулық дуэт бірінші орын алды

4 285 просмотра

Атыраулық «ЖасStar» вокалдық дуэті Кентау қаласында жастар мен студенттердің І халықаралық фестивалінде бірінші орынға ие болды.

 

Ақтоты АСҚАР мен Аслан ЕРТІЛЕУОВ – музыкалық факультеттің студенттері емес. Ақтоты болашақ қаржыгер, Аслан «Су ресурстары және суды пайдалану» факультетінде оқиды. Бірақ екеуі де бала кезден музыканың сазды әуенімен өскен. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне түскеннен кейін, оқуларымен қатар вокалдан сабақ беретін ұстаз Мақыш ҒАЙСИНАДАН дәріс ала бастаған. Бір жыл бұрын бірге ән салуды ұйғарыпты.

Халықаралық фестиваль жас дуэт үшін алғашқы салмақты сынақ болды. Конкурс бірнеше номинация - «Хореография», «Халық әні», «Күй», «Эстрадалық вокал» бойынша жүргізілді. Соңғы жанр бойынша біздің вокалшылар бәрінен де мықты боп шықты. «Фестивалға ТМД елдерінің студенттері қатысты. Конкурсқа бәрі де тиянақты дайындалыпты. Біз «Қазақстан» әнін қазақ тілінде орындадық. Оның авторлары – жерлестеріміз Арман ХАЙРУЛЛИН мен Бисембек ИМАШЕВ, - деп әңгімелейді  Аслан Ертілеуов. – Екінші конкурс үшін Ирвинг БЕРЛИННІҢ “Puttin’ on the Ritz” деп аталатын танымал джаздық композициясын таңдадық. Қателеспеппіз, қазыларға бұл керемет әсер етті. Бұдан басқа, «Туған жер» және «Ана туралы баллада» әндерін шырқадық».

Әншілердің ұстаздары Мақыш Ғайсинаға алғыстары шексіз (ол фестивальде «Халық ұстазы» деген атақ алған еді). Ол қараша айында өтетін халықаралық «Шабыт» конкурсында жеңіске жетуге көмектеседі деп үміттенеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 қазан 2011, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.