Атырау, 25 желтоқсан 18:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Армысыңдар, атыраулық таланттар

5 531 просмотра

Біздің жаңа айдарымыз қаламыздың даңқын шығарған адамдарға арналады. Кезінде олардың есімдері атыраулықтардың барлығының дерлік аузында жүретін. Олар кімдер? Облысымыз тек мұнай тербелмелерімен ғана емес, музыканттар, спортшылар, әншілер мен ару қыздарымен де мақтана алады.

Болат ҚОҚАМАНОВ: Бақыт кілті – берік жанұяда

Танымал композитор Болат ҚОҚАМАНОВ Атыраудың танымалдығына әжептәуір үлес қосты. Бәрі неден басталған? Арықша келген бозбала Қаратон поселкесінен қаланың мәдени өміріне өз үлесін қосу үшін келіпті. Ал композитордың еңбек жолындағы бетбұрыс - 1996 жылы мұнайшылар қаласының бейресми әнұранын жазуы болды. «Атырау - арман» әні кеңінен таралып, оны Қазақстанға танымал  әншілер: Нағима ЕСҚАЛИЕВА, Нұрлан АБДУЛЛИН, Медеу АРЫНБАЕВ, Роза РЫМБАЕВА және басқа отандық эстрада жұлдыздары орындады.

Болат, сіз қазір немен айналысып жүрсіз?

– Бұрынғыша, өзімнің сүйікті ісіммен.

Болат табиғи ұяңдықпен өзін республикалық емес, жергілікті деңгейдегі композитормын деп есептейді. Ал шын мәнінде бұл Қазақстанның саз әлемінде мойындалған жайт.

Мұнайдың 100 жылдығына арналған, сондай-ақ Махамбет мерейтойындағы бүкіл музыкалық шығармаларды Қоқамановтың жазғанын білетіндер аз шығар. «Атырау – мұнайлы астана» - қаладағы әр мерекенің теңдессіз атрибутына айналған. «Өмір сен» әні 2004 жылы республикалық «Жас қанат» конкурсында үздік ән деп танылды.

«Заман данғылы», «Танец под дождём» – бәрін санамалап тізіп шығу мүмкін емес.

Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрының музыкалық фонотекасында меңгеруші боп қызмет атқара жүріп, Болат үнемі өз өз туындыларын жарыққа шығарып тұрады. Бұған ет жақын адамдарының да қосатын үлесі мол. Сүйікті де шаруақор жарыАқтолқын күйеуінің қасы мен қабағына қарап, жағдайын жасаса, сүйкімді үш қызы әкелерін табалдырықтан қарсы алып, мойындарына асылып, бәйек болады.

 

Ирина КОТЛЯРОВА: Ұлыма бесік жырын айтам

Сонау 2004 жылы жерлесіміз Ирина КОТЛЯРОВАҒА sms-хабарлама жіберіп қолдамаған адам кемде-кем шығар.

Көгілдір көзді ару Superstar.kz конкурсында үшінші орынға ие болған еді. Ол кезде Ирина Атырау мұнай және газ институтының экономика факультетінің жас студенті болатын. Әр музыкалық нөмір сайын образға еніп, ән айту шеберлігі мен өз дауысының арқасында көрермендерді сүйсінте білді. Ол кім болмады дейсің: батыл әйел де, көрші ауланың қызы да, романтикалық ару да, тіпті... Ақшақар да болды. Ал ойнақыланып көз қысқаны тек біздің қаламыздың ғана емес, еліміздегі еркек кіндіктілерді бей-жай қалдырмады.

Котлярова қазір немен айналысып жүр екен? Иринаны әлеуметтік желілерден тауып алдық. Ол Атырау жұлдыздары туралы әңгімелегіміз келетінін білген соң, өзіне тән оптимизммен және жарқын жүзділікпен бірден келісе кетті.

– Ирина, сіз бұрынғыша ән айтасыз ба?

– Әрине! Бірақ тек санаулы адамдарға ғана – сүйікті күйеуім мен бір жасар ұлым Никитаға айтамын. Бұл мен үшін хоббиға айналды.

– Сіздің бақытты сыңарыңыз кім екен? Жанкүйерлердің бірі ме?

– Құдайға шүкір, жоқ. Роман екеуміз бір-бірімізді бұрыннан білеміз. Ол қатарлас сыныпта оқыды. Біз конкурс дүрбелеңінен кейін ғана кездесе бастадық. Мен Superstar-да ән айтып жүргенімде, ол Мәскеу университетінде оқып жатқан еді. Ол сол кезде Ираның өзінің болашақ жары болатынынан бейхабар болатын.

Ирина бұрынғыша Атырауда тұрады, мұнай-газ компаниясында талдаушы боп жұмыс істейді. Ол бұрынғыша көңілді де күлімсіреген қалпында қалған. Енді оның өмірінде сүйген жарына қатты ұқсайтын кішкентай ұлы да бар.

Анастасия ПАСТУХОВА

29 желтоқсан 2011, 18:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.