Атырау, 10 желтоқсан 22:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Русланға дауыс берейік!

3 156 просмотра

Жерлесіміз Руслан БЕРДИМАТОВТЫҢ қазақстандық «Жұлдыздар фабрикасының» жеңімпазы болуға нақты мүмкіндігі бар. Әрине, егер біз көмектессек.

1 қазаннан бастап «Жетінші арнада» Жұлдыздар үйін мекендеушілердің есепті концертінің трансляциясы басталды. Жобаның 16 қатысушысы өздерінің музыкалық қабілеттерін тікелей эфирде солода емес, қазақстандық және ресейлік жұлдыздармен дуэтте бірігіп көрсетті. «Бірінші концертте мен Динара СҰЛТАНМЕН, ал келесіде ресейлік әнші Алексей ЧУМАКОВПЕН ән шырқадым», - деп әңгімелейді Руслан Бердиматов. Айтпақшы, бірінші дуэтті атыраулық дуэт деп атауға болады.

Жерлестерімізге Динара Қоскелдиева деген есіммен анағұрлым танымал болған Динара Сұлтан Атыраудың тумасы. Ол Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясын аяқтап, 2006 жылы республикалық SuperStar.kz конкурсының финалына дейін жетіп, шоу біткеннен кейін China Town тобында ән айта бастады. Осы топтың құрамында 2008 жылы «Жаңа толқын» конкурсына қатысты. Тұрмысқа шыққаннан кейін сахнаға Динара Сұлтан деген есіммен шыға бастады. Танымал жерлесінің қасында Руслан өте лайықты өнер көрсетті. Екінші өнері де сәтті шықты. Басқа конкурсанттар Альбина ОГАНЕСЯН мен Махаббат САДЫРБАЕВАҒА жобадан шығып қалу қаупі төніп тұр. «Олардың кебін кимес үшін бәріңізден маған дауыс беруді сұраймын. Неғұрлым көбірек дауыс болса, соғұрлым көрермендер көзайымы атанып, «Жұлдыздар фабрикасының» жеңімпазы болуға мүмкіндігім мол, - дейді Руслан. - Өз смс-тарыңызды 7777 нөміріне 04 цифрін жазып жолдасаңыздар екен. Және әр сенбі сайын 7-ші арнадан жобаны тамашалаңыздар».

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 қазан 2011, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.