Атырау, 23 наурыз 07:22
Таңертең ашық+8, күндіз +9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 376.40  € 427.36  P 5.86

«Дарын» хорының табысы

25 қараша 2011 14:33

Атыраулық  «Дарын» ер балалар хоры  қарашаның 8-13 аралығында «Әнші балапан» республикалық фестиваліне қатысып қайтты. Бұған дейін бұл талантты топ  «Түрік дүниясы» атты Түркияда өткен  достық фестивалінен оралған болатын.

АЛМАТЫДА

Хордың вокалдық тобы 7-11 жас аралығындағы балалардан құралған. Олар – Эльдар Рауанов, Бекжан Мәулім, Бекет Яхия, Фархат Дүйсенбеков, Әділет Бисембай.

Вокалдық топ бұл фестивальде «Чарли» және «Әрқашан күн сөнбесін» әндерін орындап, композитор Марат Омаровпен бірге «Әнші балапан» әнін қосылып шырқады.

Одан бөлек, фестивальге Аида Өмірғали, Мейірім Исламғали, Айдана Аманова есімді қыздардан тұратын трио Юрий Чичковтың «Детство – это я и ты» шығармасын әндетті.

Ал жеке дауыста Бекжан Қапанов «Отырардағы той», Фархат Дүйсенбеков «Туған жер», Мейірім Исламғали «Қанеки, тілім сөйлеші» әндерін орындады.

Фестивальде сонымен қатар, «Әнші балапан» байқауынан өнер жолын бастаған белгілі әншілер - Мәдина Сәдуақасова, Ерболат Құдайбергенов, Әлішер Кәрімов, Фарида Жолдасова сынды тағы да басқа таланттар өнер көрсетті.

Фестиваль соңында барлық қатысқан өнерлі балаларға алғыс хат пен диплом табыс етілді.

 

ТҮРКИЯДА

Жалпы, Түркияда өткен фестивальге таңдаулы өнерпаздар еліміздің әр өңірінен барыпты. Олармен бірге «Ұлытау» тобы, Қыдырәлі Болманов және Бүркіт пен Аиша секілді танымал жұлдыздар да өнер көрсетті. Ал Түркия, Әзірбайжан, Болгария елдерінен келген өнерлі топтар Қазақстан құрметіне концерттік бағдарламаларын ұсынды.

«Дарын» ер балалар хоры Түркияның Адана қаласынан бөлек, Джейхан қаласында да концерт қойды. Барлығы 12 баладан құралған хор фестивальде Б.Тілеухановтың «Елім менің» әнімен бірге, Құрманғазының «Айжан қыз» күйін акапелла түрінде, сондай-ақ, Джордж Гершвиннің «Чарующий ритм» әнін (бұл әнді хорға арнап өңдеген Р.Топчевский) орындады.  Раймонд Паульстің «Чарлиі»  Түркияда тағы қалықтады.

Осы достық кездесуден соң  хор жетекшісі Алтын Жұматинаға өнерге өз үлесін қосқаны үшін және әр балаға үлкен шараға атсалысқандары үшін сертификаттар тапсырылды.

Айнұр САПАРОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

3693 рет қаралдыБасты бет Поделиться:
formulasna.kz

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет