Он жеті жасар Ақтөбе қаласының тұрғыны Назым ЖҰРЫНБАЙ (суретте) үшін айнала тек қара бояуға боялған. Туғаннан көз жанарынан айырылғандардың көпшілігі үшін бұл тағдырдың қатал өкімі болып есептеледі, бірақ бұның Назымға қатысы жоқ. Оның жүзінде қашанда күлкі және жаңа ғана бүр жарып келе жатқан оның жастық өмірі жарқын болашақ пен асқақ сезімдерге толы. Және ол сезім тек Назымның ғана емес, басқа да көзі көрмейтін және нашар көретін адамдар арасында Атырауда өткен алғашқы батыс-қазақстандық фестивалға қатысушылар бойынан байқалады.
-Бүкіләлемдік соқырлар күні қарсаңында осы фестивалды ұйымдастырудағы біздің алға қойған мақсаттарымыздың бірі, бұл жұртшылық назарын аударту,- дейді Атырау облыстық көзі көрмейтін және нашар көретіндерге арналған кітапхана директоры Алуаш ЖАЛМҰХАМБЕТОВА. – Мен мұндай адамдармен бірнеше жыл жұмыс істеп келемін және олардың білімге, өнерге деген құштарлықтарына таңданумен келемін. Өкінішке қарай, әлемде көз жанарынан айырылған жандарға жасалып жатқан құрмет лайықты емес.
–Менің көзім туғаннан көрмейді, бірақ мен соған қарамастан өмірдің қуанышын сезіну мүмкіндігін жібермеуге және ондай сәттерден қол үзбеуге тырысамын,-дейді Назым Жұрынбай. Адам өмір сүрген соң не нәрсеге болсын ұмтылуы керек. Менің достарым өте көп және менің жанымда отбасым бар. Ол адамдар мен үшін өте қымбат жандар, оларға қашан да қуаныш ұялататын тосын сыйлар ұсынғанды ұнатамын.
Егер өзін-өзі тәрбиелеу дегенді тілге тиек етер болсақ, иә, Назым шынында да өз ісі үшін мақтана алады. Ол ағылшын және корей тілін біледі, фортепианода ойнайды, өлең жазады. Назым өзінің болашақ жұмысын өнермен байланыстырады. Айтпақшы, осы өткен фестивалда ол мәнерлеп оқу байқауының дипломанты атанды.
Фестивалдың тағы бір вокал санаты бойынша дипломант атанған оралдық Айбек ИДИАТОВ та көзінің көрмеуіне байланысты бірінші топ мүгедегі. Ол да айналасындағы әлемнің қандай екенін туғаннан көрген емес. Алайда, ол күн өткен сайын қандай қиындыққа болсын қарамастан алға ұмтылу керектігін өз ісімен дәлелдеп келеді. Ол колледжде білім алып жүр, болашақта дипломды заңгер болуды армандайды. Домбырашылар арасында Ақтау қаласынан келген Бағытжан ҚАБИДЕН көзге түсті.
Байқаудағы бастысы - диплом мен сыйлықтар емес, маңыздысы қам көңіл жандар бір-бірімен кездесті, тілдесті және өмірге деген құлшыныстарын арттырды.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген В. Истомин