Атырау, 11 желтоқсан 12:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Бас жүлде алматылық Әселге бұйырды

6 896 просмотра

Өткен аптада екі күнге созылған Дина Нұрпейісова атындағы ІV республикалық «Бұлбұл» домбырашы қыз-келіншектер сайысы өз мәресіне жетті. Дүбірлі өнер додасына қатысқан 19 домбырашы арудың ішінде бас жүлдеге Алматыдан келген  - Әсел АРИНА (суретте) лайықты деп танылды.

Сайыстың негізгі мақсаты – Дина шешейдің күйлерін нақышына келтіре отырып орындау, насихаттау және домбыра құлағында ойнау шеберлігін байқату. Сайыс шарттарының бірі бойынша әр сайыскер күй анасының кез-келген шығармасын жатқа біліп, жаңылмай орындап беруі тиіс. Оған Алматыдан, Орал, Маңғыстау, Қызылорда қалаларынан келген домбырашылар қатысты.

Бас жүлдеге 150 мың теңге тігілсе, 1-ші орын үшін 100 мың теңге көлеміндегі сыйақы берілді. Ал сайыста 1-орынға Айнұр Сакупова ие болды. Әрі қарай 2-орынды Нұргүл Хинекина мен Арайлым Шалабаева бөліссе, 3-орын Әйгерім Ниеталиева мен Гүлден Бақтығалиеваға тапсырылды. Одан бөлек, Бақыт Қарабалина атындағы арнайы жүлдемен Мөлдір Хисамеденова, Зәмзәм Ищанова атындағы арнайы жүлдемен Ақтоты Дүйсебаева, Әсима Зұпханбетова атындағы арнайы жүлдемен Салтанат Оңайбай марапатталды. Қалған сайыскерлерге алғыс хат тапсырылды.

Дәл осындай сайыс Атырау қаласында 2006 жылы өткен.

Айнұр САПАРОВА

1 желтоқсан 2011, 18:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.