Атырау, 5 қараша 04:43
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +6
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Русланды «Мамасы» құтқарыпты

2 413 просмотра

Руслан БЕРДИМАТОВ «Жұлдыздар фабрикасы» жобасындағы өзі жазған әнді орындаған алғашқы қатысушы. Оның әні тек көрермендерге ғана емес, қазылар алқасына да ұнады.  

Алдыңғы өткен концертте Русланға шоудағы басқа қатысушымен бірге шоудан шығып қалу қаупі төнген болатын. Бұл олардың әрқайсысы жеке ән айтып, ұтылған қатысушы жобадан кетуі тиіс деген сөз. Руслан өзінің орындаушылық талантына сүйеніп қана қоймай, жұртшылық алдында алғаш рет «Мама» деген әнін орындап, өзін композитор ретінде көрсете білді. Жалпы конкурста қатысушылардың шығармашылық белсенділіктері де жақсы бағаланады. Соңғы минуттарда Русланның бәсекелесі көп дауыс жинағанына қарамастан, қазылар алқасы өз құқықтарын пайдалануды ұйғарып, екі номинантты да жобада қалдырды.

«Мен бүкіл концерт бойына алдыңғы орында болып келдім, тек соңғы 10 минутта жанкүйерлерім босаңсып кетіп, дауыс беру қорытындысында ұтылып қалдым», - дейді Руслан телефон арқылы. Ол өзінің соңғы қоштасу сөзін айтып жатқанда қазылар алқасы өзара кеңесіп, екі номинантты да жобадан шығармау туралы шешім қабылдаған. Олардың орнына басқа үш қатысушыны номинанттар қатарына шығарыпты. Байғали СЕРКЕБАЕВ жерлесімізді кәсіпқойлығы мен еңбексүйгіштігі үшін құрметтейтіндігін, сондықтан да осы жобадағы күресті жалғастыру үшін оны лайықты деп есептейтіндігін айтқан. Руслан продюсерлердің сенімін ақтауға бел буды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 қараша 2011, 19:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.