Атырау, 27 қараша 15:46
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Санкт-Петербургтен Гран-при ұтып алды

2 848 просмотра

Атыраулық «ЖасStar» вокалдық дуэті тағы да табысқа жетті. Бұл жолы Ақтоты АСҚАР мен Аслан ЕРТІЛЕУОВ Санкт-Петербургте өткен «Многоголосие народов мира» халықаралық конкурсының гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Ақтоты мен Аслан Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде оқиды. Бірақ көпшілік ойлағандай музыкалық факультетте емес. Ақтоты қаржыгер болуды жоспарласа, Аслан «Су ресурстары мен су пайдалану» факультетінде оқиды. Бірақ олар өмірлерін музыкасыз елестете алмайды. Оқу басталғаннан кейін кешікпей олар вокалдан дәріс беруші Мақыш ҒАЙСИНАМЕН жолығып, бірге ән айтуды ұйғарыпты. Үлкен сахнада олардың дуэті Кентау қаласында өткен жастар мен студенттердің І халықаралық фестивалінде жеңіс алып келді. Сол кезде олар жерлестеріміз Арман ХАЙРУЛЛИН мен Бисембек ИМАШЕВТІҢ «Қазақстан» әнін орындаған еді. Ал конкурстың екінші күнінде Ирвинг БЕРЛИННІҢ «Puttin’ on the Ritz» деп аталатын танымал джаздық композициясын таңдады. Бұл қазылар алқасына жақсы әсер етті.

Енді олар «Многоголосие народов мира» халықаралық фествивалінің жеңімпаздары атанды.

– Конкурс «Салют талантов» жобасының аясында дүние жүзі бойынша өткізіледі. «Многоголосие…» жобасына Қазақстан мен Ресейдің бүкіл аймағынан хор және вокалдық ұжымдар қатысты. Ол «Академиялық вокал», «Халықтық вокал» және «Эстрадалық вокал» деп аталатын үш номинация бойынша өтті. Бізбен әуесқой және кәсіби ұжымдар бәсекеге түсті, - деп әңгімелейді Аслан Ертілеуов. Дуэт жерлесіміз Ринат ҒАЙСИННІҢ «Туған жер» әніне және джаздық композицияға үміт артыпты. Нәтижесінде конкурстың Гран-приі мен Мәскеуде өтетін «Многоголосие народов мира» халықаралық фестивалінің суперфиналына жолдаманы жеңіп алды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 қаңтар 2012, 19:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.