Атырау, 25 желтоқсан 04:17
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Басқа жаңалықтар

Жайықтың балығына не болған? Басқа жаңалықтар

Жайықтың балығына не болған?

Әлеуметтік желілерде Атырау қаласының әр жерінде Жайықтағы мұз астынан өлі және әлсіз қалқып жүрген балықтар түсірілген бейнежазбалар пайда болуда. Өзен суы уланған ба екен деп тұрғындар алаңдаулы. Бейнежазба 10 желтоқсан 2018, 17:28 5 002 рет қаралды
Балық, қайда барасың? Басқа жаңалықтар

Балық, қайда барасың?

Өткен аптада Перетаскада өлі балықтар табылған кезде  әлеуметтік желілерде мыңдаған, негізінен тұқы тұқымдас, балықтардың легімен Жайық өзенінен суы тайыз Зарослый каналына шығып жатқаны туралы бейнежазба пайда болған еді. Балықтардың мұндай қауіпті сапары мамандарды абыржытып тастады. Сурет 7 желтоқсан 2018, 16:04 4 205 рет қаралды
Негізгі шыршаға тағы да «погон» тақты Басқа жаңалықтар

Негізгі шыршаға тағы да «погон» тақты

Атырауды жаңа жылдық безендіруге жергілікті бюджеттен 61,6 млн теңге бөлінді, оның 11,6 млн теңгесі 6 үлкен шыршаға жұмсалады. Ал өткен Жаңа жылда қала 84 млн теңге жұмсады, сол кезде тендерді «Диас Компани» ЖШС жеңіп алған еді. Қалалық әкімдік қазіргі мердігерді атамады. 6 желтоқсан 2018, 16:46 2 395 рет қаралды
Терезеге қарасам - крематорий түтіні Басқа жаңалықтар

Терезеге қарасам - крематорий түтіні

«АЖ» редакциясына Асан есімді Атырау тұрғыны хабарласты. Ол Геолог ықшамауданының (бұған дейін ауылдық округ болды) маңында атылған қаңғыбас иттер мен медициналық қалдықтарды өртейтін крематорийдің жұмыс істейтінін, бұл сол жердегі мұнайгаз кеңселерінің қызметкерлеріне көп қолайсыздықтар тудыратынын әңгімеледі. Сурет 5 желтоқсан 2018, 10:35 3 110 рет қаралды
​Жайық арнасы неге тарылды? Басқа жаңалықтар

​Жайық арнасы неге тарылды?

Жақында өткен ҚР су саясаты бойынша ұлттық диалогы жұмыс тобының отырысына «Су бастамалары орталығы» қоғамдық қорының сарапшысы Мейрам АРЫСТАНОВ та қатысқан еді. Онымен «АЖ» тілшісі тілдесіп, ең алдымен Жайықтың тағдырына қатысты сұрақтар қойды. 5 желтоқсан 2018, 16:59 3 398 рет қаралды
Жайықты сақтау үшін Ириклинск су қоймасын алып тастау қажет. Бірақ бұл мүмкін емес Басқа жаңалықтар

Жайықты сақтау үшін Ириклинск су қоймасын алып тастау қажет. Бірақ бұл мүмкін емес

Атырауда ҚР су саясаты бойынша ұлттық диалогы жұмыс тобының отырысы өтті. Оған су шаруашылығы, балық, орман шаруашылығы, табиғат қорғау және кеме қатынасы ведомостваларының өкілдері, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдар қатысты. Мәжілісте негізінен Жайық суының тайыздығы туралы тақырып қозғалды. 4 желтоқсан 2018, 10:59 3 090 рет қаралды
Жағалаудағы серуен Басқа жаңалықтар

Жағалаудағы серуен

Өзен жағалауының қала тұрғындарының сүйікті орны екеніне сенімдімін. Біріншіден, күннің ерекше көрініспен әдемі батқанын тамашалауға болады. Екіншіден, жылы мезгілде өзеннің шуылдаған толқындарын тыңдап, қыста – өзенді құрсаған шыныдай мөлдір мұзды тамашалаймыз. Үшіншіден, өзіңізді орнитологтай сезініп, су айдынынан таңғы, түскі немесе кешкі асын торуылдаған ақ шағалаларды бақылауға да болады. Сурет 4 желтоқсан 2018, 12:13 2 911 рет қаралды
Перетаскада балық неден қырылды? Басқа жаңалықтар

Перетаскада балық неден қырылды?

2 желтоқсанда кешкісін «АЖ»-ға қала тұрғындарынан «Атырау ЖЭО» АҚ сорғы станциялары орналасқан «Перетаска» өзегінде балықтардың қырылып жатқаны туралы хабарлама келген еді. Бұл хабар расталды. АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілі Сәкен ДІЛДАХМЕТТІҢ айтуынша, сол жерде жалпы салмағы 1154 келі болатын қара балық шабақтарының (мөңке - 827 кг, табан балық - 165 кг, қылышбалық - 160 кг, алакөз - 2 кг) қырылғаны анықталған. Балықтарда механикалық зақымдану іздері болған. 4 желтоқсан 2018, 15:19 2 257 рет қаралды
«Жігіттер! Өзенмен жүрмеңдер, мұз өте жұқа!» Басқа жаңалықтар

«Жігіттер! Өзенмен жүрмеңдер, мұз өте жұқа!»

Жайық бетін мұз құрсанып үлгерместен мұз астынан балық аулауға кірісетін жүрек жұтқан балықшыларға таң қаласың... Олармен қатар ТЖД қызметкерлері қарапайым сызғышпен өзен жағасынан мұз қалыңдығын өлшеп жүр. Сурет 1 желтоқсан 2018, 22:06 3 984 рет қаралды
Асыл тұқымды сиырлар не жеді? Алма бақтары қалпына келе ме? Басқа жаңалықтар

Асыл тұқымды сиырлар не жеді? Алма бақтары қалпына келе ме?

Белгісіз себептермен өлген голштин-фриз  асылтұқымды сиырларын зерттеу үшін Венгрия мен Ресейден арнайы мамандар шақыртылған; билік Сартоғайдағы алма бақтарын жаңғыртуға үлкен көңіл бөліп отыр - осы және өзге де жаңалықтармен брифингте Махамбет ауданының әкімі Жәрдемғали АХМЕТОВ бөлісті. 30 қараша 2018, 10:06 3 661 рет қаралды
Ауруханаға қайықпен барады Басқа жаңалықтар

Ауруханаға қайықпен барады

Атырау облысы  Құрманғазы ауданы бойынша 19 округте 31 медициналық мекеме бар. Алайда шалғай жатқан ауылдарда дәрігерлер жетіспейді. «АЖ» тілшісі осы өңірдегі халыққа медициналық қызмет көрсету жағдайымен танысты. Сурет Бейнежазба 28 қараша 2018, 10:00 6 549 рет қаралды
Журналмен бірге жер алу өтініштері де жанып кетті Басқа жаңалықтар

Журналмен бірге жер алу өтініштері де жанып кетті

«Атыраудың мыңдаған тұрғыны жер алу өтініштері тіркелген журналды жоғалтып алған шенеуніктің салақтығы салдарынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алу мүмкіндігінен айрылды», - деп хабарлады кейбір республикалық сайттар. «Иә, журналдың жоғалғаны рас, бірақ мыңдаған адам емес, 229 қала тұрғынының өтініші», - деп «AЖ»-ға түсінік берді қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Наурызбек ҚҰМАРОВ. 20 қараша 2018, 10:56 2 842 рет қаралды
Мұз астына түскен баланы құтқарып қалды Басқа жаңалықтар

Мұз астына түскен баланы құтқарып қалды

16 қарашада Исатай ауданы Х.Ерғалиев ауылында Бақсай өзегінде алғаш қатқан мұз үстіне ойнауға шыққан бала суға түсіп кетеді. Абырой болғанда, жақын жерде адамдар болып, құтқарып қалған. 20 қараша 2018, 11:03 3 186 рет қаралды
3 теңгелік «Сүйінбай» есіңізде ме? Басқа жаңалықтар

3 теңгелік «Сүйінбай» есіңізде ме?

15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңгенің айналымға енгізілгеніне 25 жыл толды. Атырау тұрғындары арасында жүргізілген «алғашқы теңге есіңізде қалды ма?» деген шағын сауалнама нәтижесінде көпшілігінің алғашқы теңгені сағынатынын, ал кейбіреулердің айналымнан шығарылған банкноттар мен монеталарды әлі күнге дейін сақтап жүргені белгілі болды. Мысалы, қала тұрғыны Игнат ЧЕРНЯХОВСКИЙ бес жасынан бастап коллекция жинайды екен. Сурет 20 қараша 2018, 14:54 7 283 рет қаралды
Атырау облысының бас балық маманы тағайындалды Басқа жаңалықтар

Атырау облысының бас балық маманы тағайындалды

Атырау облысының балық шаруашылығы басқармасының басшысы болып Артур САДЫБЕКҰЛЫ тағайындалды. Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың маусым айында ауыл шаруашылығы басқармасы үш дербес - ауыл шаруашылығы, ветеринария және балық шаруашылығы басқармалары болып қайта құрылған еді. Алғашқы екеуіне басшылар дереу тағайындалса, үшінші басқармада бүгінгі күнге дейін бұл орын бос болды. 17 қараша 2018, 14:06 4 327 рет қаралды
Атыраудағы автокөлік тұрақтары туралы Басқа жаңалықтар

Атыраудағы автокөлік тұрақтары туралы

Атырауда Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, негізінен мұнайлы астанадағы көлік тұрағы мәселесі қозғалды. Бұл тақырып қатысушылардың қызығушылығын тудырып, тіпті, дауыс көтергендер де болды. Сурет Бейнежазба 16 қараша 2018, 15:02 4 102 рет қаралды
Атырауда екі көпірге күрделі жөндеу жүргізілмек Басқа жаңалықтар

Атырауда екі көпірге күрделі жөндеу жүргізілмек

Мұнайлы астананың автоәуесқойлары орталық және Балықшы көпірлері бұрынғыдай тегіс емес екендігін айтады. Жол жабындары ескіре бастаған. «АЖ» осыған қатысты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне хабарласқан еді. Сөйтсек, осы екі көпір бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр екен. Бірақ бұл да қаржыға келіп тіреледі. 13 қараша 2018, 14:54 3 127 рет қаралды
Бендердің не қатысы бар дейсіз бе? Басқа жаңалықтар

Бендердің не қатысы бар дейсіз бе?

Атыраудағы Самал ықшамауданының тұрғындары «АЖ»-ға хабарласып, бұл жердегі кейбір көшелерде жаяу жүргінші жолдарының жоқтығын, ал бар жолдардың барынан жоғы жақсы екенін қынжыла жеткізді. Шынымен де, сырт қарағаннан-ақ асфальт пен жиектастың сапасы нашар екені көзге ұрып тұр. Сондықтан да шығар, жаяужолдың көп жерлері бұзылып қалған. Бұл көріністер балалық шақтан естелік - кеңестік әдеби классикадағы атмосфераны еске түсірді. Сурет 13 қараша 2018, 16:35 2 965 рет қаралды
Екі дос жасөспірім қызды өлімнен алып қалды Басқа жаңалықтар

Екі дос жасөспірім қызды өлімнен алып қалды

8  қарашада екі дос – 20 жастағы Жалғас ИБРАЙЫМ мен Ринат НҰРҒАЛИЕВ, әдеттегідей, Жайық өзенінің Баймұханов-Мечников көпірі тұсында балық аулап, кешкі сағат алтыға таман кетуге қам жасап жатқан. Кенет көпір жақтауынан өтіп, бір қолымен ұстап тұрған жасөспірім қызды көреді. 12 қараша 2018, 12:26 4 123 рет қаралды
Түп-тереңіне дейін бойлап... Басқа жаңалықтар

Түп-тереңіне дейін бойлап...

Атырауда «Атырау облысының шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің суын молайту және олардың гидрологиялық режимін жақсарту» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау «дөңгелек үстел» түрінде өтті. Оған облыстық әкімдіктің, мердігер - «Павлодар өзен порты» АҚ-ның  өкілдері және жергілікті қоғамдық белсенділер қатысты. Мұнда қазіргі кезде Қиғаш өзенінің Ганюшкин (100 км) және Жаркосин (26,7 км) каналдарында және Жайықтың Яицкий каналында (45,471 км) жүргізіліп жатқан тереңдету жұмыстары талқыланды. Бейнежазба 12 қараша 2018, 17:19 3 123 рет қаралды
«Кішкентай елге» арналған үлкен бал Басқа жаңалықтар

«Кішкентай елге» арналған үлкен бал

7 қарашада Атыраудағы «Салтанат сарайында» «Grand ball» қайырымдылық кеші өтті. Би кешінен түскен 2 миллионға жуық қаржы толығымен өңірдегі аутизмге, психикалық дамуы кешеуілдеген және церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды оңалтумен айналысып жүрген «Атырау Кішкентай ел» қоғамдық бірлестігіне аударылатын болды. Сурет Бейнежазба 9 қараша 2018, 15:59 4 214 рет қаралды
Оңтайланған балабақша Басқа жаңалықтар

Оңтайланған балабақша

Қызылқоға ауданы Миялы ауылының  «Мөлтек» ықшамауданында 2012 жылы ашылған 30 орындық «Балдәурен» бөбекжай балабақшасы жабылған. Алайда, бұл ауданда  үй салушылар көбейіп, тұрғындар саны артып жатыр екен. 6 қараша 2018, 11:42 3 666 рет қаралды
Тосын сыйларға толы жол Басқа жаңалықтар

Тосын сыйларға толы жол

Жыл басынан бері Атырауда жаяу жүргінші өткелінен 25 адамды көлік қағып, оның 5-уі көз жұмған болатын. Осынау сұмдық статистикаға байланысты жол полициясының қызметкерлері арнайы рейд ұйымдастырды. Бұл рейдке “АЖ” тілшісі де қатысқан еді. Жол бөлігін бақылау нәтижеcі көңіл көншітпеді, бұл мәселенің осы цифрлармен шектелуі неғайбыл. Сурет Бейнежазба 3 қараша 2018, 14:17 3 428 рет қаралды
«Құрылыс жүргізуге құқы жоқ» Басқа жаңалықтар

«Құрылыс жүргізуге құқы жоқ»

Атырау қаласындағы Канцев көшесіндегі №3 үй тұрғындары аулаға жиналып, ескі балалар ойын алаңының орнына белгісіз біреудің бизнес үшін 3 қабатты ғимарат салғалы жатқанына қарсылық білдірді. Олардың құрылыс нысаны иесімен болған қызу талқылауларын «АЖ» тілшісі көріп қайтты.  Сурет Бейнежазба 31 қазан 2018, 09:49 2 969 рет қаралды
ЖЭО тарифі жоғары Басқа жаңалықтар

ЖЭО тарифі жоғары

30 қазанға қараған түні осы күзде алғаш рет термометр бағаны минус 1 градусқа дейін төмендеді. Жылу жүйелері кәсіпорындары хабарлағандай, бұл күні қаладағы ЖЭО-нан жылытылатын көппәтерлі 936 үйдің барлығында жылу дұрыс берілген. 30 қазан 2018, 00:26 1 828 рет қаралды
Даладағы және қаладағы қуғын Басқа жаңалықтар

Даладағы және қаладағы қуғын

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы Әлиев пен Сатыбалдиев көпірінде жол полицейлері Toyota Hilux көлігінің жүргізушісін ұстап жатқаны туралы бейнежазба таралып жатыр. «АЖ» тілшісі оның не үшін ұсталғанын сұрастырған еді. Бейнежазба 29 қазан 2018, 17:42 2 914 рет қаралды
Атырауда екі полицей балаларды өрттен алып шықты Басқа жаңалықтар

Атырауда екі полицей балаларды өрттен алып шықты

24 қазанда таңертең Атырауда Авангардағы 5 қабатты үйлердің бесінші қабатынан өрт шықты. Оны көрген патрульдік полицейлер өрт сөндірушілердің келуін күтпестен, өртеніп жатқан пәтерге кіріп, бірнеше баланы өрттен алып шықты. Балалардың ішінде бір жасар сәби де бар. 25 қазан 2018, 15:49 2 889 рет қаралды
Атырауға толықтай жылу берілді және жүкті оқушылар азайды Басқа жаңалықтар

Атырауға толықтай жылу берілді және жүкті оқушылар азайды

19 қазанда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVIII  сессиясы өтті. Күн тәртібінде - қысқа дайындық нәтижелері мен жасөспірімдерді тәрбиелеу шаралары. Балықшы мен Нұрсаяның ЖЭО-ға ойдағыдай қосылғаны туралы салтанатты мәлімдеулермен қатар, мұнайлы астананың мектеп оқушылары арасындағы жүктілік статистикасы да оптимизммен айтылды. Сурет 20 қазан 2018, 10:31 2 740 рет қаралды
Әкімдер құрылыстарды аралап шықты Басқа жаңалықтар

Әкімдер құрылыстарды аралап шықты

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Атырау әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫМЕН бірге мұнайлы астананың салынып жатқан объектілерін аралап шықты. Ноғаев жалпы жұмыс барысын жақсы деп бағалап, орындықтарға қатысты және шетелдік мердігерлермен ағылшынша тілдесіп, біраз біліктілігін көрсетті. 19 қазан 2018, 11:39 3 364 рет қаралды
Оңтүстікке жүйткіген пойыз Басқа жаңалықтар

Оңтүстікке жүйткіген пойыз

Жақында Алматыға жолым түсті. Мұнай астанасынан оңтүстік астанаға № 41ЦA пойызымен баруды ұйғардым. Билет бағасы - 8384 теңге, жолға кететін уақыт - екі күн 2 сағат 10 минут. Әрине, «Тальгомен» де баруға болады - бұл тезірек және ыңғайлы. Бірақ билеті ұшақ бағасына барабар. Сурет Бейнежазба 18 қазан 2018, 00:00 5 126 рет қаралды
Қылмыскер «слесарьлар» Басқа жаңалықтар

Қылмыскер «слесарьлар»

Балықшыда тұрғын үйлерді ЖЭО-ның жылу жүйесіне қосу жұмыстары жалғасуда. Ал кейбір жергілікті тұрғындар жылу қызметкерлеріне көмектеспейді, керісінше әрекет етеді. Жақында Құнанбаев көшесінің бойындағы №3 үйдің жертөлесінде қалалық ТКШ бөлімінің қызметкерлері металл сынықтарын қабылдау орнына криминалдық жолмен тапсыру үшін әзірленген жылу жүйесінен ажыратылған 8 жаңа ысырманы анықтады. Ұры ұрлық орнынан қашып кеткен. 17 қазан 2018, 14:40 3 025 рет қаралды
Бүгінде Атырауда 867 тұрғын үйдің 252-іне жылу берілді Басқа жаңалықтар

Бүгінде Атырауда 867 тұрғын үйдің 252-іне жылу берілді

15 қазанда таңертең Атырауда термометр минус 2 градусты көрсетіп тұрды. Атырау облыстық энергетикалық қадағалау департаментінің басшысы Қуанышбек ЖҰМИЕВТІҢ айтуынша, бүгін 15 қазанда ЖЭО жүйесіне қосылған қаладағы 867 тұрғын үйдің 252-сіне және күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №30 балабақша мен ескі жұқпалы аурулар ауруханасынан басқа әлеуметтік 134 объектілеріне жылу берілді.  Толықтырылды 15 қазан 2018, 14:54 2 267 рет қаралды