Атырау, 25 қараша 12:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Жігіттер! Өзенмен жүрмеңдер, мұз өте жұқа!»

Сурет
3 748 просмотра


Жайық бетін мұз құрсанып үлгерместен мұз астынан балық аулауға кірісетін жүрек жұтқан балықшыларға таң қаласың... Олармен қатар ТЖД қызметкерлері қарапайым сызғышпен өзен жағасынан мұз қалыңдығын өлшеп жүр.

- Қазір мұз қалыңдығы бар болғаны 4-5 сантиметр, өзен үстімен жүру өте қауіпті, - дейді өңірлік жедел-құтқару жасағының қызметкері Марат ДӘУЛЕТОВ. Ол аузын жиып болғанша екі балық аулаушыны көрдік.

- Жігіттер! Мұз өте жұқа, түсіп кетесіңдер ғой, жағаға шығыңдар! – деп айқайлады Дәулетов.  

- Жоқ, жұқа емес! – деді жігіттер, содан соң полицей формасына ұқсас киім киген құтқарушыға көз тастады да, басқа жаққа бұрылып кетті. Ал құтқарушы оларға бар болғаны «Абай болыңыз, мұз жұқа!» деген брошюраны табыс еткісі келген еді.

- Ал қандай мұз қалыңдығы қауіпсіз деп саналады?

- 10 сантиметрден кем болмауы керек.

Атырауда ғана емес, бүкіл облыс бойынша мұз бетімен жүру әлі де қауіпті: Индер, Жылыой және Махамбет аудандарында мұз қалыңдығы 4-5 сантиметр, ал Құрманғазы ауданында әлі мұз қатқан да жоқ.

Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясындағылар мұз астынан балық аулау ережесін еске салды. Сейсенбі мен сәрсенбі - тыйым салынған күндер. 5 кг балық аулауға рұқсат етіледі.

Келесі жерлерде балық аулауға тыйым салынады: Ақжар ауылының маңындағы өзен учаскесі; Теңдік ауылының маңындағы учаске; «Aтырау Су Арнасы» КМК қалалық су тоғаны учаскесі; «Орал» мейрамханасы маңындағы қалалық су-құтқару станциясы учаскесі; «АМӨЗ» ЖШС су тоғанының учаскесі («Маслопром» ауданы).

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор және «АЖ» мұрағатынан 

1 желтоқсан 2018, 22:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.