30 қазанға қараған түні осы күзде алғаш рет термометр бағаны минус 1 градусқа дейін төмендеді. Жылу жүйелері кәсіпорындары хабарлағандай, бұл күні қаладағы ЖЭО-нан жылытылатын көппәтерлі 936 үйдің барлығында жылу дұрыс берілген.
Жылу орталығына жақында ғана қосылған Балықшыда 8 үйге жылу берілмеген. Былықшы секілді ЖЭО-на жақында ғана қосылған Нұрсая-2 ықшамауданы туралы нақты ақпарат жоқ, бірақ ол жақтан кем дегенде екі жазбаша шағым келіп түсті. Бұл пәтерлерді комиссия тексеріп, жылу жүйесіне дереу қосқан. Енді ЖЭО олар үшін қазанның соңғы онкүндігінде жылу берілмегені үшін қайта есептеу жүргізуі тиіс. ЖЭО жеткізетін жылу тарифінің Нұрсая-2-де қолданылған тарифтен бір жарым есе жоғары екенін айта кеткен жөн. Бұған дейін ол жердегі үйлер шағын қазандықтармен жылытылған еді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ