31 қазанда шамамен 22:30-да Атыраудағы Еркінқала ауылының маңындағы Жайық өзенінде қатты жылдамдықпен екі байда соқтығысты.
«АЖ»-ға белгілі болғандай, соқтығысу нәтижесінде мотор қайығын жүргізушілердің бірі - 19 жастағы балықшы алған жарақаты салдарынан сол жерде көз жұмды. Осы оқиғаға қатысқан тағы үш қатысушы болмашы ғана жарақаттар алып, ауруханаға жатудан бас тартты. Құқыққорғау органдары оқиға туралы әзірге комментарий берген жоқ.
Атырау облыстық полиция департаменті кісі өлімімен аяқталған екі байданың соқтығысу фактісіне комментарий берді:
- Еркінқала ауылының маңындағы Жайық өзенінде қайықтардың соқтығысу фактісі бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша (Абайсызда қазаға ұшырату) тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Фархат ӘБІЛОВ
«АЖ» оқырмандары жолдаған суреттер