Атырау, 25 қараша 14:20
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Екі дос жасөспірім қызды өлімнен алып қалды

4 010 просмотра


8  қарашада екі дос – 20 жастағы Жалғас ИБРАЙЫМ мен Ринат НҰРҒАЛИЕВ, әдеттегідей, Жайық өзенінің Баймұханов-Мечников көпірі тұсында балық аулап, кешке таман кетуге қам жасап жатқан. Кенет олар көпір жақтауынан өтіп, бір қолымен ұстап тұрған жасөспірім қызды көреді.

- Бір кезде қыз суға секірді. Киіммен суға қойып кеттім. Бір жақсысы, ол да бұл әрекетіне өкінді ме, батып кетпей, қарманып жатты,- дейді Жалғас.

Жалғастың аяғы суық судан құрыса бастаған еді. Су сіңген киімі де ауырлап кеткен. Қызға жеткен ол оны жағаға қарай сүйрелей бастады. Жағаға жақын Ринат та жүзіп келмегенде жағдайдың не боларын кім білсін. Екеулеп қызды құрлыққа алып шықты.  

Жағадағы басқа адамдар көмек шақырып,13 жасар қызды жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Оның бұл іске не үшін барғанын психологтар анықтай жатар. Ал қарапайым қос батыр Жалғас пен Ринат керемет ерлік жасадық деп ойламайды:

-Біздің орнымызда кім болса да осындай қадам жасары анық еді,-дейді жас жігіттер.

Жалғас «Қазақтелеком» АҚ-та монтер болып жұмыс істесе, ал Ринат - бір мекемеде күзетші.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 қараша 2018, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.