Атырау, 19 сәуір 19:15
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Перетаскада балық неден қырылды?

2 104 просмотра

Көрнекі сурет

2 желтоқсанда кешкісін «АЖ»-ға қала тұрғындарынан «Атырау ЖЭО» АҚ сорғы станциялары орналасқан «Перетаска» өзегінде балықтардың қырылып жатқаны туралы хабарлама келген еді. Бұл хабар расталды. АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілі Сәкен ДІЛДАХМЕТТІҢ айтуынша, сол жерде жалпы салмағы 1154 келі болатын қара балық шабақтарының (мөңке - 827 кг, табан балық - 165 кг, қылышбалық - 160 кг, алакөз - 2 кг) қырылғаны анықталған. Балықтарда механикалық зақымдану іздері болған.

- Зертханалық тексеру жұмыстары үшін сынама үлгілері алынып, өлі балықтар оқиға себептері анықталғанша «Надежда-1» ЖШС-не сақтауға тапсырылды - дейді Ділдахмет. - Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, материалдар Атырау облыстық ІІД-не жолданды. Бүгінгі күні жаңадан балықтың қырылу оқиғасы тіркелген жоқ. Енді сараптама нәтижелерін күтіп отырмыз.

Фархат ӘБІЛОВ

4 желтоқсан 2018, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.