Атырау, 25 қараша 17:53
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда екі полицей балаларды өрттен алып шықты

2 783 просмотра


24 қазанда таңертең Атырауда Авангардағы 5 қабатты үйлердің бесінші қабатынан өрт шықты. Оны көрген патрульдік полицейлер өрт сөндірушілердің келуін күтпестен, өртеніп жатқан пәтерге кіріп, бірнеше баланы өрттен алып шықты. Балалардың ішінде бір жасар сәби де бар.

- Авангардты патрульдеу кезінде кіші сержант Талғат ӨТЕПҚАЛИЕВПЕН бірге бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен түтін шығып жатқанын байқап қалдық. Подъездің іші көк түтін еді, бірақ пәтерге кіру мүмкін болды. Пәтерден жылаған балаларды тауып алып, қауіпсіз жерге алып шықтық, - деп әңгімелейді полицияның кіші сержанты Алан ТҰРЛАНОВ.  

Кейінірек ТЖД баспасөз қызметі оқиға орнына 28 қызметкер мен 5 арнайы техниканың барғанын, өрттің 5 минут ішінде сөндірілгенін хабарлады. Өрттің шығу себебі анықталуда, өрт балалардың отпен ойнауы салдарынан болуы мүмкін деген алдын ала болжам жасалды.

ІІД-дегілер Тұрланов пен Өтепқалиевқа көрсеткен батылдықтары мен кәсіби қызметтері үшін көтермелеу сыйлықтарын ұсынбақшы.

Фархат ӘБІЛОВ

25 қазан 2018, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.