Мұнайлы астананың автоәуесқойлары орталық және Балықшы көпірлері бұрынғыдай тегіс емес екендігін айтады. Жол жабындары ескіре бастаған. «АЖ» осыған қатысты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне хабарласқан еді. Сөйтсек, осы екі көпір бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр екен. Бірақ бұл да қаржыға келіп тіреледі.
- Қазір Балықшы-Жұмыскер және орталық көлік көпірлеріне күрделі жөндеу жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. ЖСҚ-ға ведомостводан тыс сараптама жүргізілгеннен кейін және қаражат бөлінген кезде күрделі жөндеу 2019 жылдың жоспарына енгізілетін болады, - дейді қалалық әкімдіктегілер.
- Атап айтқанда қандай нысандарға жөндеу жүргізіледі?
- Тірек конструкцияларын нығайту, жол төсемдерін ауыстыру, жарықтандыру тіректерін және қоршауларды ауыстыру қарастырылған.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті түсірген автор