Атырау, 25 қараша 14:19
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бендердің не қатысы бар дейсіз бе?

Сурет
2 796 просмотра

Атыраудағы Самал ықшамауданының тұрғындары «АЖ»-ға хабарласып, бұл жердегі кейбір көшелерде жаяу жүргінші жолдарының жоқтығын, ал бар жолдардың барынан жоғы жақсы екенін қынжыла жеткізді. Шынымен де, сырт қарағаннан-ақ асфальт пен жиектастың сапасы нашар екені көзге ұрып тұр. Сондықтан да шығар, жаяужолдың көп жерлері бұзылып қалған. Бұл көріністер балалық шақтан естелік - кеңестік әдеби классикадағы атмосфераны еске түсірді.

Жолдың қақ ортасы үлкен шұңқыр болып қалған. Өте қорқынышты, әсіресе, бесік арба жетелеген аналар үшін. Менің суретке түсіріп жатқанымды көрген жас әйел қасыма жақындап келді.

- Осы жерде жол қызметкерлері жұмыс жасап жатқанда, енді бала арбамен теп-тегіс жерде серуендейтін болдық-ау деп қуанып қалып едік. Ерте қуаныппыз, - дейді Самал ықшамауданының тұрғыны Гүлжайна АСЫЛБЕК. – Қандай күйде екенін өзіңіз көріп тұрсыз ғой. Қалай-солай жасай салған ғой, онысы енді білініп жатыр.

Келесі көшеде машинамыз жол шетіндегі шұңқырға түсіп кетті. Жол төсемінің шеті осылай «сапалы» түрде көмкеріліпті.


Тағы бір сурет: біреу салынып жатқан құрылысына тікелей бару үшін жаяужолдың быт-шытын шығарып, кесе-көлденең бұзып өтіпті. Иә, бұл бізге тән әрекет...


Ал Қазтуған ЖҰМАҒАЛИЕВ жаяужолдың үйіне «жетпей» шорт тоқтап қалғанын түсінбей дал. Тек топырақ үйіндісі ғана қалған. Андрей Миронов-Остап Бендердің себушінің суретін салып, «төрт башпай да жарайды» дегені еске түсе кетті.


Ал мына жаяужол бала кезіміздегі нанға ұқсайды екен. Асфальттің әр жері жұлым-жұлым. Бала кезімізде «мына нанды тістеп тастаған қайсысың?» - деп сұрайтын мамамыз да бұл сұраққа жауап ала алмайтын.


Бұл суреттен жаяужолдың сиқы қалмағанын көре аласыз. Үстінен жүк көлігінің немесе арнайы техниканың өтіп кеткені сөзсіз. 


Айта кету керек, биылғы жазда әлеуметтік желілерде дәл осындай көрініс қызу талқыға салынған болатын. Сол кезде қалалық әкімдіктегілер: сапалы жабын қатты күш түссе де, бұзылмауы тиіс, тексереміз, мердігерге жұмысты қайта жасатамыз деген еді. Бірақ, шамасы қолы жете алмаған ғой.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор 

13 қараша 2018, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.