Атырау, 25 қараша 16:23
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әкімдер құрылыстарды аралап шықты

3 152 просмотра


Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Атырау әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫМЕН бірге мұнайлы астананың салынып жатқан объектілерін аралап шықты. Ноғаев жалпы жұмыс барысын жақсы деп бағалап, орындықтарға қатысты және шетелдік мердігерлермен ағылшынша тілдесіп, біраз біліктілігін көрсетті.

БОЙЛЕРДЕН ҚҰТЫЛУ КЕРЕК


Алғашқы нүкте - Балықшы ықшамауданындағы жылу энергетикалық кешені. 15 қазанда бұл жерде көппәтерлі 48 үйдің 15-іне жылу берілді. Әкім келген уақытта бұл цифр 36-ға дейін көбейді.

- Балықшыдағы кварталішілік жылумен қамту жүйелерін қалпына келтіру аясында ұзындығы 8 километр жерүсті магистралды құбыры жүргізілді. Жылу жүйелері трассасының жалпы ұзындығы 22 километр, - деп баяндады қала әкімінің орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ.

- Үшкезеңді күрделі жоба өте тез аяқталды, енді балықшылықтарда ыстық су болады, - деп комментарий берді облыс әкімі. – («Атырау жылу жүйелері» АҚ вице-президенті Әлібек ТЕМІРҒАЛИЕВҚА қарап) Ал енді сенде клиент көбейді.

Сол кезде жергілікті тұрғындар жақындады: біреулері әкімді мақтаса, ал егде тартқан ер адам үйі әлі жылу жүйесіне қосылмағанын айтып, шағымданды. Ноғаев жанындағыларға проблеманы дереу шешуді тапсырды да, одан:

- Бойлеріңізді қайда жібердіңіз?- деп сұрады.

- Әзірге тұр.

- Құтылу керек, енді сізде үздіксіз ағып тұратын ыстық су болады.  

Қалалық құрылыс бөлімінің ақпараты бойынша, орталық жылу пунктінің қуаты – ыстық суға 15 мегаватт, жылуға да осындай көлемде. Жүзеге асырылған жобаның жалпы құны - 3,3 млрд теңге.

Келесі мекенжай – мемлекеттік «7-20-25» бағдарламасы бойынша 160 пәтерлік екі үй салынып жатқан Амандосов көшесі. «Болашақ-Т» компаниясының өкілі Қайнитолла ҚАБДИНОВТЫҢ сендіруінше, бағалары қолжетімді, бірақ әртүрлі: 1-5-қабаттар қымбаттау, 5-9 қабаттар – арзанырақ.

Жаңа тұрғын үйлер салынып жатқан Береке ықшамауданында облыс әкімі мектеп туралы сұрады:

- Бұл жерде халық көп болады, сондықтан кем дегенде қысқа мерзім ішінде екі мектеп керек. Айтпақшы, құрылыс материалдары қайдан алынып жатыр?

- Құм - Ақтөбе облысының Қандыағаш ауданынан, кірпіш -Астанадан. Құрылыс материалдарының 70 пайызына жуығы - қазақстандық, - деп хабарлады мердігер өкілі.

- 70 пайыз емес, 80 пайыз, - деп нақтылағанды жөн көрді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан СҮЙІНШӘЛИЕВ.

Нұрсая ықшамауданында көппәтерлі 10 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бірінші кезең желтоқсанда, екіншісі – келер жылдың аяғында аяқталуы тиіс. Бірақ «АК-Холдинг» құрылыс компаниясы тобының өкілі  Бекболат ТҰРАШЕВТІҢ айтуынша, Қандығаштан кірпіш кідіріспен жеткізіледі екен, сондықтан құрылыс мерзімі сәл ұзаруы да мүмкін. Жобаны жалпы құны – 10 млрд теңгеден жоғары.


ТІЛ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ

Әуежай трассасының сол жағында Лесхоз ықшамауданына жақын маңда құны 6,5 млрд теңге 4 қабатты Жастар мен оқушылар сарайы салынып жатыр. Бұл жерде оқушыларға арналған оқу орталықтары, тілдік және көркемөнер курстары, планетарий, сонымен қатар, 11х25 метрлік бассейн болады. Тапсыру уақыты  келер жылдың аяғы.

Сарыөзек ауданында 800 орындық мамандандырылған ХҚКО салынуда. Оралдық мердігер автодромы мен мотодромы бар екі қабатты объектіні қазанның аяғына дейін тапсыруға уәде етіп отыр – түгелге дерлік әзір деуге болады. Бұл жерде түрлі мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сонымен қатар, әкімшілік полиция орналасады. Мамандандырылған ХҚКО идеясының авторлары сендіргендей, енді тұрғындарға қолайлы болады, мысалы, жүргізуші куәлігін 2 сағат ішінде алуға болады.

Облыс пен қала басшылары кейін Исатай мен Махамбет алаңын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Ноғаев орындықтардың бір бөлігінің тастан жасалатындығына таң қалып:

- Адамдар қалай отырады тасқа? Жазда ыссы – отыра алмайсың, басқа уақытта салқын болады. Жоқ, бәрін ағаштан жасаңдар, - деді.

Ол, сондай-ақ, келесі жазда қала тұрғындары жаңартылған алаңда серуендей алады деп үміттенетінін білдірді.

Ең соңғы нүкте – тутұғыр құрылысының алаңы болды. Бұл жерде шенеуніктерді ТШО жобалары бас менеджерінің орынбасары Рама КАНТАМНЕНИ қарсы алды. Әкім онымен ағылшын тілінде сөйлесті, сөз сарынына қарағанда, құрылыс барысына риза. «Ол түрік тілін де біледі», - деп ескертті облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Серікжан ЕРМЕНТАЕВ.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор


19 қазан 2018, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.