Атырау, 25 қараша 18:40
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Көрінген сонадайдан...

Толықтырылды Сурет
3 027 просмотра


Атыраудың сол жақ жағалауындағы Құлманов-Молдағұлова-Жангелдин-Пушкин көшелерінің тоғысқан жеріндегі шаршыда, түсініктірек айтқанда, ТШО-ның үлкен автотұрағы мен көгалының артында, «Isker» бизнес орталығының жанында жаңа алаң мен 91 метрлік флагшток құрылысы басталды.

Жобада, сондай-ақ, каскадтар пішініндегі екі субұрқақ, колоннада, Қазақстан картасы бейнеленген барельеф, елтаңба мен әнұран жазылған стелалар, жаңа алаңды жарықтандыру, орындықтар және т.б. қарастырылған. Алаңның ең басты көрнекілігі, әрине, мұнайлы астананың кез келген нүктесінен көрінетін көлемі 14х29 метр болатын еліміздің көгілдір туы болмақ. Мердігер – «Кастадор» ЖШС.

Нысан құрлысына 2,5 млрд теңге қаржы бөлінген, мұны «АЖ» тілшісіне облыс әкімдігінің өкілі Серікжан ЕРМЕНТАЕВ растады. Ол бұл қаржының жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік төлемдерінен шыққанын айтты. Қазір ең үлкен қазақстандық ту Астанада орналасқан, ал біздікі 91 метрлік қарағандылық тумен бірдей болады.

Алаң келесі жылғы қарашаның аяғына таман дайын болуы керек. Әрине, дәл айту қиын, алайда салтанатты ту көтеру 2019 жылғы 1 желтоқсанда – Бірінші президент күнінде көтеріледі деп болжам жасап көрейік.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

7 қыркүйек 2018, 19:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.