Атырау, 13 желтоқсан 14:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Алаңның келбеті өзгереді

Сурет
3 256 рет қаралды

Мұнайлы астанада көптен күткен Исатай мен Махамбет алаңын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Өзбекстаннан келген гастарбайтерлер тақталы жабындарын бұза бастады, барлық жұмыстардың аяқталу мерзімі - 2019 жылдың қараша айы.

- Қалпына келтіру жұмыстары екі батырға арналған ескерткішке де қатысты. Алаңда  түрлі-түсті дыбыстық әсер беретін 5 шағын және 1 үлкен субұрқақ, сондай-ақ, мәрмәр домбыра түрінде үлкен сәулет композициясы болады. Жалпы алғанда, алаң айтарлықтай өзгереді және Атыраудың негізгі көрнекті орнына айналады, - дейді құрылыс басқармасының бөлім басшысы Ақтілек МҰСАҒАЛИЕВ.

«АЖ» ақпараты бойынша, жөндеу жұмыстары 2 млрд 925 млн теңгеге шығады. Бірақ бұл жергiлiктi бюджеттің емес, жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтiк аударымдарынан бөлінген қаржылар.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

22 маусым 2018, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.