Атырау, 25 қараша 16:41
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қылмыскер «слесарьлар»

2 906 просмотра


Балықшыда тұрғын үйлерді ЖЭО-ның жылу жүйесіне қосу жұмыстары жалғасуда. Ал кейбір жергілікті тұрғындар жылу қызметкерлеріне көмектеспейді, керісінше әрекет етеді. Жақында Құнанбаев көшесінің бойындағы №3 үйдің жертөлесінде қалалық ТКШ бөлімінің қызметкерлері металл сынықтарын қабылдау орнына криминалдық жолмен тапсыру үшін әзірленген жылу жүйесінен ажыратылған 8 жаңа ысырманы анықтады. Ұры ұрлық орнынан қашып кеткен.

Осыған байланысты қалалық әкімдік Балықшы тұрғындарына ұрлықшыларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүмкіндік болу үшін жылу жүйесінің бөлшектерін ұрлау оқиғалары туралы полицияға жедел хабарлау өтінішімен шықты.  

Осындай іс жақында №2 қалалық сотта қаралды. Сот Б.-ның биылғы жылдың қыркүйегінде Балықшыдағы үйлердің бірінің подъезінен жылу радиаторларын ұрлағанын, осылайша зардап шегуші тарапқа – «Атырау қ. тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көсрету» ЖШС-не 16 200 теңге сомасында материалдық зиян тигізгенін анықтады. Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, тигізілген зиянның толық өтелгенін түсіндіріп, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Зардап шегуші тарап та қылмыстық істі тоқтатуды сұрап, сот істі тоқтатты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 қазан 2018, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.