9 желтоқсанда Атырау қаласының Привокзальный тұрғын үй массивінде 5 қабатты үйдегі өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілер үш баланы құтқарды.
«102 пультіне 5-ықшамаудандағы №25 үйде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер дереу подъезден 18 тұрғынды қауіпсіз жерге шығарды, - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі. - Өрт сөндіру автобаспалдағының көмегімен 4 адам құтқарылды, оның үшеуі балалар. Олар есік бұзылып тұрғандықтан пәтерден шыға алмаған».
Кір жуатын машинаның қысқа тұйықталуы себепті өрт шыққан деген алдын ала болжам жасалып отыр.
Фархат ӘБІЛОВ