Атырау облысының балық шаруашылығы басқармасының басшысы болып Артур САДЫБЕКҰЛЫ тағайындалды. Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың маусым айында ауыл шаруашылығы басқармасы үш дербес - ауыл шаруашылығы, ветеринария және балық шаруашылығы басқармалары болып қайта құрылған еді. Алғашқы екеуіне басшылар дереу тағайындалса, үшінші басқармада бүгінгі күнге дейін бұл орын бос болды.
Қазіргі бас балық маманы ауылдық округ әкімі, Құрманғазы ауданының әкімдігінде бөлім меңгерушісі лауазымында, 2013 жылдан бастап Атырау облысы әкімінің аппаратында жұмыс жасады.
Бүгінде өңірімізде балық аулау және өңдеу жұмыстарымен 17 табиғат пайдаланушылар айналысады. Сондай-ақ бекіре балығын өсіретін екі зауыт жұмыс істейді.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды