Атырау, 25 қараша 16:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауға толықтай жылу берілді және жүкті оқушылар азайды

Сурет
2 583 просмотра


19 қазанда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVIII  сессиясы өтті. Күн тәртібінде - қысқа дайындық нәтижелері мен жасөспірімдерді тәрбиелеу шаралары. Балықшы мен Нұрсаяның ЖЭО-ға ойдағыдай қосылғаны туралы салтанатты мәлімдеулермен қатар, мұнайлы астананың мектеп оқушылары арасындағы жүктілік статистикасы да оптимизммен айтылды.

Бірінші болып қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының м.а. Эдуард ОСПАНОВ сөз алды:

- Атырауда барлығы көппәтерлі 1031 тұрғын үй бар. Олар мынадай сызба бойынша жылытылады: ЖЭО арқылы - 941, «Атырау су арнасы” КМК қазандығы арқылы - 16, шағын жеке қазандықтармен - 33 , «Атырау қ. тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС (ТҮКҚК) арқылы - 41 .

ЖЭО-ға қосылған барлық үйлер қысқа дайын.

Балықшыда осы тұрғын үй массивін жылу жүйесіне қосу үшін 3 млрд теңге тұратын жоба жүзеге асырылды.

Оспановтың айтуынша, өткен жылы «Нұрсая» ықшам ауданында ЖЭО-ға 30 үй қосылған. Қазіргі уақытта «Нұрсая-2»-де 27 үйді қосу жұмыстары аяқталып келеді. ТҮКҚК балансында қалған үйлерге  жылу беретін 7 қазандық қалады. Барлық 16 қазандық қысқа дайын.

- Атырауда бүгінгі таңда екі апатты мектеп бар - Ғани Мұратбаев атындағы  (балалар уақытша Жангелдин мен Тайманов атындағы мектептерде оқып жүр) және Жұмабаев атындағы (балалар уақытша Крупская атындағы мектепке ауыстырылды), - деп хабарлады өз баяндамасында қалалық білім беру бөлімі бастығының м.а. Алмабек АБДОЛОВ. - 13 мектепте сабақ үш ауысыммен оқытылуда. Бұлар - №2, 3, 15, 16, 17, 18, 22, 24, 37, Қ. Смағұлов, Ә. Жангелдин, И.Тайманов және Т.Амандосов атындағы мектептер. Бұл мектептер 7 мың балаға арналған, бірақ іс жүзінде онда 22 мыңнан астам бала білім алуда.

Алмабек АБДОЛОВ

Атырауда «үш ауысымды» жою үшін 20 мектеп салу жоспарлануда. Олардың 5-еуі - Береке, Нұрсая, Жұлдыз-1 ықшам аудандарында, Дамбы және Ракуша ауылдарында салынып жатыр.

Бұдан әрі Абдолов жасөспірімдер тәрбисі бойынша қандай шаралар өткізіліп жатқанын айтты. Қалай болса да, нәтиже айқын: атап айтқанда, егер 2016 жылы оқушылар жүктілігінің 23 фактісі тіркелсе, 2017 жылы - 8, ал осы жылдың басынан тек 4 факт тіркелген.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті және бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

20 қазан 2018, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.